Алпыс үш жастағы бапкермен келісім-шарт бір жыл мерзімге жасалды.
Вячеслав Грозныйдың соңғы жұмыс орны украиналық «Арсенал-Киев» клубы болды. Жаңа бапкердің Украина, Ресей, Болгарияның клубтарына әр жылдары жетекшілік еткен үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстанда ол Қостанайдың «Тобыл» және Павлодардың «Ертіс» командаларын жаттықтырған.
Сонымен қатар ол «Левски» (Болгария), «Терек» (Ресей), «Динамо» (Грузия) және Украинаның «Арсенал» (Киев), «Металлург» (Запорожье) және «Гверла» клубтарының бапкері болды.