Қазақстан • 04 Қаңтар, 2020

Қонаев музейінде «Ұлы адамның мәңгілік махаббаты» көрмесі өтіп жатыр

2060 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дінмұхамед Қонаев сияқты ұлы тұлғаның өмірлік жары, сенімді серігі Зухра Шәріпқызының туғанына биыл 101 жыл толады. Музей мамандарының айтуынша, Зухра апамыз көпшілік арасында өзінің кішіпейілділігі, қарапайымдылығы мен қонақжайлы мінезімен сыйлы болды. Дінмұхамед Қонаев пен Зухра Шәріпқызы жарты ғасырдай уақыт бойы дәм-тұзы жарасып, өмірдің ең бақытты күндерін бірге өткізген. Димаш атамыз бұл жайлы өзінің естеліктерінде «Мен жарыммен 50 жыл 6 ай 2 күн бірге өмір сүрдім» деп жазып қалдырған.

Қонаев музейінде «Ұлы адамның мәңгілік махаббаты» көрмесі өтіп жатыр

Осы айтулы мерейтой аясында Д.А. Қонаев музейінде «Ұлы адамның мәңгілік махаббаты» атты көрме өткізілуде. Көрмеге келушілер Зухра Шәріпқызы мен Дінмұхамед Қонаевтың жеке фотосуреттерімен танысып қана қоймай, Зухра Шәріпқызының 100 жылдығына Д.А.Қонаев музейі арнайы түсірген «Воспоминания о Зухре Шариповне» фильмін де тамашалай алады.

Музей тарихына тоқталып өтетін болсақ, Д.А.Қонаевтың мемориалдық пәтер-музейі жәдігерлерінің құндылығымен ерекшеленеді. Мұнда Д.А. Қонаевтың жекелеген заттары, техникалық, анықтамалық және көркем әдебиеттер, өнер жөнінде альбомдар, авторлардың жекелей қолтаңбасы жазылған кітаптары, жиһаздар, тұрмыстық заттар, мерейтойларына арналған көптеген сыйлық пен экспонаттар, басқа да әр алуан заттар бар. Бұлардың бәрі ұзақ жылдар бойы мұқият сақталған және Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың немере інісі Диар Асқарұлы Қонаев мұражайға табыс еткен.

Д.А. Қонаев мұражайы екі экспозициялық залдан тұрады. Бірінші экспозициялық зал Д.А.Қонаевтың «Балалық шағы мен студенттік кездері және еңбек жолының басталуы», екінші экспозициялық зал «Д.А.Қонаев саяси және қоғам қайраткері» тақырыбын қамтиды. Мұражай қорында 3 мыңға жуық жәдігер жинақталған.

а

 

АЛМАТЫ