31 Шілде, 2013

Зейнепке хат

618 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

 

Зейнеп Бауыржанкелини

Мен қазақтың бір оқырманы ретінде Момышұлы отбасын үлкен құрметпен еске аламын және үлгі тұтамын. Керек десеңіз, батыр ағамыз Бауыржанның ата-бабаларынан бастап, Бауыржан, Бақыт сияқты олардың ұрпақтарының алдында және ибалы келіні – Зейнеп, өзіңіздің алдыңызда басымды иемін. Оған басты себеп, бұл даңқты әулетті, олардың болмысын, батырлығын, зиялылығын, кемеңгерлігін білдіретін кітаптарды оқуымда еді. Мектеп қа­быр­ғасында жүргенде-ақ Бауыржан ағамыздың ба­тырлығы бейнеленген Александр Бектің «Воло­коламское шоссе» («Арпалыс») атты кітаптан бас­тап, бертін келе «Ұшқан ұя», Әзілханның «Ақи­қат пен аңыз», Зейнеп, өзіңіздің кішкене сары кітабыңыз – «Шуақты күндер», кейінгі көк кітап – «Шуақты күндер» – бәрін де оқығанмын. Бауыржан ағаның майдан тақырыбындағы шығармаларын да оқығанмын.

 

 

 

Зейнеп Бауыржанкелини

Мен қазақтың бір оқырманы ретінде Момышұлы отбасын үлкен құрметпен еске аламын және үлгі тұтамын. Керек десеңіз, батыр ағамыз Бауыржанның ата-бабаларынан бастап, Бауыржан, Бақыт сияқты олардың ұрпақтарының алдында және ибалы келіні – Зейнеп, өзіңіздің алдыңызда басымды иемін. Оған басты себеп, бұл даңқты әулетті, олардың болмысын, батырлығын, зиялылығын, кемеңгерлігін білдіретін кітаптарды оқуымда еді. Мектеп қа­быр­ғасында жүргенде-ақ Бауыржан ағамыздың ба­тырлығы бейнеленген Александр Бектің «Воло­коламское шоссе» («Арпалыс») атты кітаптан бас­тап, бертін келе «Ұшқан ұя», Әзілханның «Ақи­қат пен аңыз», Зейнеп, өзіңіздің кішкене сары кітабыңыз – «Шуақты күндер», кейінгі көк кітап – «Шуақты күндер» – бәрін де оқығанмын. Бауыржан ағаның майдан тақырыбындағы шығармаларын да оқығанмын.

Соңғы жылы бір қуанғаным – Бауыржанның туғанына 100 жыл толуына арналған 30 томдық шығармалар жинағының біздің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің кітапханасында пайда болғандығы, оларды оқытушыларымыз бен студенттеріміздің кітапханаға жазылып, оқи бастағандығы.

Міне, бір кітап – өзіңіздің «Бабалар аманаты» кітабыңыз менің жеке кітапханамның сөресінде орын теуіп, оны жатпай-тұрмай қызыға оқып шыққаным және басқаларға бұл кітап жайлы айта бастағаным менің өмірімдегі бір жаңалық деп білемін. «Жаңалық» деуімнің мәні бар. Әдебиетші ретінде талай кітаптарды, роман, повестердің журналдық нұсқаларын «Жұлдыз», «Таңшолпан» басылымдарынан оқып жатамыз, ал сіздің бұл кітабыңыздың өзгелерден мәні-мағынасының, түр-тұрпатының, ішкі болмыс иірімдерінің ерекшелігі маған осылай атауыма мәжбүр етті.

Оқиғалы шығармалардың жөні бір басқа. Қазіргі дүниеге келіп жатқан шығармаларды оқып отырып, ойға қаласың. Шіркін, баяғы Бейімбет, Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабиден, Әбдіжәміл, Тахауи, Зейнолла, Әбіш тудырған парасатты проза қайда деген сұрақ мазаңды алады. Олардан бір кезек қол үзіп, өзіңізбен сырласқандай күй кештірген мына парасатты баяндауларыңызды мен көркем шығарма деп отырғаным жоқ. Бірақ адам санасын соншама жаулай алатындай биіктіктегі жазбаларыңыз ғажап тәнті етті.

Оқып болып, тамсанып екі күн бойына «Бабалар аманаты» туралы ой кештім. Ең әуелі: «Бұл кітапты қандай жанрға жатқызуға болады?» деген сұрақ мазалады. Ұзақ толғанысым бұл сұраққа былай деп жауап берді:

Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» атты кітабы – психологиялық-педагогикалық, философиялық, публицистикалық эссе, деген тоқтамға келдім. Мүмкін біреулер бұған қарсы болып өздерінше пайымдауы ғажап емес. Бұл – менің педагог ретіндегі пайымым. Бұл кіта п – естелік емес, мемуар емес, ақыл-кеңес кітабы емес, оқиғалы, тартысты шығарма емес, көрген-білгенді баяндау емес, бұл – өзіңіздің ақыл-ойыңыз, Алла тағаланың кеңесін тыңдағандай, өз парасатыңыздың туындысы. Қысқасы, сіздің осы кітапты жазудағы пайым-бағытыңыз қаламыңызды қалай жүргізді – бұл осылай туған туынды.

Сексенінші жылдардың аяқ кезінде кітап дүке­ні­нен көзіме жарқ етіп ілінген кітап «Шуақты күн­дер» еді. Алдында шағын кітабыңызды оқыған ма­ған мына қомақтылау кітап одан да қызық болатын шығар деген ой туындады да, дереу оншақты данасын сатып алып, қыздарыма, қарындастарыма, келіндеріме таратып бергенмін. Бір-екі данасы өзімде қалған. Қазір бір данасы да қалмаған. Өзім оқып үлгі еткен кітабымды таратқан адамдарымнан сұрасам, олар да бірінен бірі алып, ақыры, қайда қалғаны, қайда жоғалып кеткені белгісіз болып шықты.

«Бабалар аманатын» оқығаннан кейін қалалық кі­тапханалардың бәрін аралап, ақыры, біреуінен тауып едім. Оның өзінің беттері де жыртылуға шақ қалып, қолдың табынан, жылдардың сағымынан зардап шеккен. Мұны неге алды дейсіз? Бұдан 25 жыл бұрын оқығанды еске түсіру еді. Ол кітаптар енді әр үйден шам алып, іздесең де табылмауы мүмкін. Бірақ санаға сәуле түсіріп, қанша адамды тәрбиелегенін өлшеп айта алмайсың. Беті ашылмай, бір беті бір бетіне жабысып қалған, бірақ кітапханаларда әлі сөреде орын алып тұрған кітаптардан гөрі, көп оқылғаннан жыртылып, қызықтығынан «жымқырылып» кеткен кітаптарға не жетсін!

Құрметті Зейнеп! «Бабалар аманаты» тек 4 мың данамен жарық көрген екен. Ертең, бір он жылдан кейін бұл кітапты сондай «қасірет» күтіп тұр деп білеміз. Бұл – кітаптың ішкі дүниесінің қымбаттығымен, оқыған адамның бүкіл тамыр-тамырына тарап, организміне қосылып, әр адамның жүрегін соқтырып, тынысын жиі алдырып, денесін қатайтып, тұғырын берік қылуға қызмет ету процесін атқарды деп біліңіз.

Сонымен, «Бабалар аманаты» мынадай қасиет­тер­ге ие: адам психологиясына әсер етуімен, педа­гогикалық мән-мазмұнымен, философиялық терең­ді­гімен, тарихи танымдылығымен... Психологиялық әсерлілігі мынада деп білемін. Бауыржан атаңыздың мінезіндегі өте көтеріңкі болмысты, асаулық, шын­дық­тың шыңына ту тігерлік батырлық қасиетінің көрінісі. Кітап басынан аяғына дейін оқырманға жігер-қайрат береді. Зейнеп келіннің Бауыржанның мінезіндегі ерекшелікті жіті бақылау шеберлігі, зерт­теуі, ақыры, бүкіл сырын игерді. Осы терең зерт­теулерінің нәтижесінде ол кісімен қандай сәт­терде де ғажайып психологиялық иірімділікпен тіл таба білуі.

Бақытжанның да мінезіндегі болмысты, батыр­дың баласының қанындағы батырлықтан өзге батылдықты да Зейнептің бақылай, бағалай білуі, рет­ті жерінде оны «жеңіп» шығуы. Батырға жасай алмайтын батылдықты Бақытжанға жасаудың пси­хо­логиялық тәсілдерін игеруі. Бұл айтылғандар оқыр­манды «әлде қайтып кетер» деген дігірлі қобал­жуларға түсіреді. Әр педагог алдына келген 30 оқушының мінезін психологиялық шеберлікпен зерт­темесе, бір бағытпен үнемі талап ету, үнемі дау­ыс көтеру, үнемі шәкірт алдында бипаздау, тағы­сын-тағыларды бірыңғай қолдана берсе, өзінің педагогтық-психологтік қасиетін аяққа басар еді. Себебі, әр баланың өзіне тән мінезі, өзгешелігі бар. Осыны түсінген педагог әр баланың мінезін зерттеуі керек.

Біріншіден, әрбіреуін жеке тәрбиелеу үшін, әрбіреуіне жеке білім беру үшін, сөйтіп, болашақ орнықты адам, азамат, қайраткер болудың негізін қалау үшін қамал алғандай шебер тәсіл мен батылдық болмаса, мұғалім діттегеніне жете алмас еді. Ал сіз, Зейнеп, журналистикалық шеберлігіңізді айтпағанда, бала кезіңізде өз отбасыңызда алған ғажайып тәрбиеңіздің нәтижесінде осы кітаптан байқағанымыздай, адамгершілік кәусарына суарылған тәжірибе жинақтаған психолог, педагог екеніңізді дәлелдедіңіз.

Екіншіден, бұл кітап педагогикалық ғажайып қасиетімен әрбір оқырманның жүрегін жаулағаны даусыз. Кітаптың әр бетіне, абзацына тоқтап ойға қаласыз: «Ойпырмай, шын мәні сінде де солай екен-ау, мұны неге байқамай жүрміз», деп әр оқырман өзін сын тезіне алары сөзсіз. Мәселен, кітаптың бірінші тарауы – «сәлемге» байланысты алуан түрлі тағылымдардың өзі оқырманды қызықтырып, талай ой иірімдеріне апарады. «Сәлем» деген сөз өзінің ғажайып қасиетіне – адамдарды тіл таба білуге, бірін-бірі сыйлай білуге, бір-бірімен сырласа білуге үндеуінде, үлкен мен кішінің ішкі адамгершілік үндерінің бір-бірімен үйлесуінде атқаратын қызметтері оның ұшан-теңіз вариацияларын тудырған халқымыздың адамдар арасындағы тылсым сырларға тереңдеген ақыл-ойына, кемеңгерлігіне, тапқырлығына таңғалдырады.

Жоғары оқу орындарында этнопедагогика пәні жүреді. Осы пән алғаш дүниеге келгенде, кейбір керітартпа пікірдегі адамдардың осы педагогика түріне қарсы болғандығын білеміз. «Педагогика» пәні біреу, тағы бір халықтық педагогика дегенді қайдан шығарып жүрміз осы», дегендер болғандығын өз көзімізбен көрдік. Ал халықтық, яғни этнопедагогика дегеніңіздің өзінің қандай биік қасиеті бар екенін сіздің кітаптарыңыз дәлелдеп берді.

«Жетілік ұғым» деген тараудан алатын тәлім де ерекше терең мәнділігімен оқырман жанын үйіреді. «Жеті» санын айтамыз да, оның қасиетіне мән беріп жатпаймыз. Оның философиялық мағынасын, тарихи мағынасын, діни мағынасының әр адамға өте керекті, өмірге байланысты мағынасын ашқан тараудың өзі «жетілік» ұғымы туралы бір оқулық десе болады. Бұл тараудағы: «Біздің заманымызға дейін 518 жыл Парсы патшасы Дарий сақ-масагаттерді жаулап алу үшін қайысқан қалың қолмен жорық жасайды. Сонда Шырақ деген сақ жігіті өзінің денесін өзі пышақтап, қан-жоса болып, парсылар жағына қашып барады. Сақ басшыларынан қорлық-зорлық көріп азапталғанын, енді олардан кек алғысы келетінін айтып, сақтардың тура үстінен түсіретініне сендіреді. Бірақ ол жау­ды адастырып, сусыз шөлге апарады да: «Мен сендерді әдейі адастырып алдадым. Елімді, жерімді аман алып қалып мақсатыма жеттім. Енді маған не істесеңдер де бәрібір», дейді.

Сөйтіп, Дарий әскерін шөлден қырған Шырақтың әрекеті бір түн бойына түсіме енді. Бұл нағыз елін сүйген патриоттың әрекеті еді. Бұл тараудағы бар­лық ой-толғамдарыңыздың, келтірілген тарихи деректеріңіздің тәрбиелік мәнінің зорлығын осы­дан біле беріңіз. Бұл тарау жастарды халқы үшін, елі үшін қандай қиындықтарға дайын болуға үйре­те­тіндей шынайы, жүрегіңіздің нәрімен жазған жазбалар.

«Бабалар аманатының» барлық тарауларында өмірлік философиялық ой-тұжырымдарының соншама молдығы оқырмандарды таңқалдырады. Бұл философиялық қорытындылар сіз баяндап отырған әңгіменің мән-мағынасын қысқаша мақалға айналған маржан сөздермен түйіндейтіндігінде. Мәселен, мақалды жеңіл-желпі айта саламыз да, оның ішкі астарына мән бермей өте шығамыз. Осыны халқымыз әуелден сезген, білген ғой. Сол халықтық ақыл беру жүйесін тамаша қолданғандығыңыз сіздің халықтық ойларды өте ұқыпты меңгергендігіңіздің белгісі деп білемін.

Мен кітабыңыздың беттерінде кездескен ха­лықтың ой орамдарын, кейбірін Бауыржан атаңыз, кейбірін өзіңіз туғызған мақалдардың бәрін астын сызып отырғанмын. Соларды кітаптың әрбір тарауын оқып болғаннан кейін өзімнің қанатты сөздер жазатын кітапшама әспеттеп түсіріп тұрдым. Қазір мысалға келтіргелі отырған философиялық қанатты сөздерді мен сіз әрбір дерекке байланыстыра айтқандық, оқырманға жаңаша ой саларлық деп бағаладым. Бауыржан ағаның аузымен әңгіме үстінде айтылған мынадай сөз мақалға айналып тұрғанын кім байқамас: «Біреу аспандап көкте жүргендей болады, бірақ басы жерде. Енді біреу жерде жүреді, бірақ мәртебесі аспанда». Тағы бірде Баукең: «Айналып келгенде, «өмір» деп дабырайтып, ауыз толтырып айтатын адам ғұмыры – кірпікке ілініп тұрған бір тамшы жас. Кірпікке ілінген жас көзге қайта кірмейді, ілінген екен, жерге тамбай қоймайды».

Мұншама мысалдарды тізе берсек, сіз атаңыздың аузынан шыққан сөздердің бәрін сол күйінде қағазға түсіргендеріңіздің есебі жоқ десе болады. Ал халыққа жаңаша естілетін: «Ақылдың арты –