Аймақтар • 05 Қаңтар, 2020

Алматы облысында 2 487 жұмыс орны бос тұр

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Электронды еңбек биржасында Алматы облысындағы бос жұмыс орындары жайлы 974 хабарландыру жарияланған. Яғни, аймақтың еңбек нарығы 2 487 түрлі мамандық иесіне зәру болып отыр.

Алматы облысында 2 487 жұмыс орны бос тұр

enbek.kz  сайтындағы ашық дереккөздерден белгілі болғандай, облыста әлеуметтік сала бойынша мамандарға сұраныс жоғары. Атап айтқанда, аудандар бойынша берілген хабарландырулардың үлесі мұғалім, орта деңгейлі медицина қызметкері, мейірбикелер мен мектептердегі жұмысшыларға қатысты болып отыр. Мәселен, Текелі қаласындағы «Текелі-көмек» қоғамдық қоры әлеуметтік қызметкерге мұқтаж болса, осы қаланың ауруханасына мейірбике аса қажет екен. Алғашқы сұраныс үшін қоғамдық қор 60 000 теңгеден бастап айлық жалақы төлеуге дайын болса, орта деңгейлі дәрігер үшін ұсынылған еңбекақы 70 000 теңге деп көрсетілген.

Сондай-ақ аудандар бойынша жиі сұраныс берілген бастауыш сынып мұғалімі мен шет тілі пәннің оқытушысының айлығы 70 000 теңгеден басталады. Ал еңбек өтілін қажет етпейтін еден жуушыға төленетін жалақы 42 000 теңге шамасында.