31 Шілде, 2013

Алаш па, Алаша хан ба?

784 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Пәлен ғасыр (мың жылдан астам) өткенде, көненің көзі боп тұрған ұлы адам туралы анықтама беру қиын болса да шамамыз келгенше бір сырдың бетін ашуға тырыстық. «Өткеннен күл алма, от ал» деген екен бұрынғылар. Біз осы дәуірдің жаңа деректерін, Нұқ пайғамбардың шежіресін пайдаландық. Алаша ханның іргесінде туып, өскендердің болжамын ескердік.

Арқаның нақ төрінде атақты Алаша хан күмбезі, Ұлытау өңірінің құдіретті бір орны боп тұрған осы ескерткіштің сырына үңіліп көрдік пе? Біз мұны қазақтың бірінші ханы – Алаша ханның күмбезі дейміз. Ал, хандар шежіресінде Алаша хан түгілі, Алаша деген дара тұлға жоқ. Сонда да зәулім ғимаратқа үш жүздің хан, сұлтан, батыр, билері талай заман тағзым еткен. Бүгінде де адамдар келуін тоқтатқан жоқ. Аңыз, қауесет те көп.

 

 

 

АлашаПәлен ғасыр (мың жылдан астам) өткенде, көненің көзі боп тұрған ұлы адам туралы анықтама беру қиын болса да шамамыз келгенше бір сырдың бетін ашуға тырыстық. «Өткеннен күл алма, от ал» деген екен бұрынғылар. Біз осы дәуірдің жаңа деректерін, Нұқ пайғамбардың шежіресін пайдаландық. Алаша ханның іргесінде туып, өскендердің болжамын ескердік.

Арқаның нақ төрінде атақты Алаша хан күмбезі, Ұлытау өңірінің құдіретті бір орны боп тұрған осы ескерткіштің сырына үңіліп көрдік пе? Біз мұны қазақтың бірінші ханы – Алаша ханның күмбезі дейміз. Ал, хандар шежіресінде Алаша хан түгілі, Алаша деген дара тұлға жоқ. Сонда да зәулім ғимаратқа үш жүздің хан, сұлтан, батыр, билері талай заман тағзым еткен. Бүгінде де адамдар келуін тоқтатқан жоқ. Аңыз, қауесет те көп.

Мысалы: 1939 жылдың жазы. Ауыл белсенділері алты қанат үйге жиналған. Манадан бері Алашахан туралы әңгімеге араласпаған, осы өңірде тура сөздің шебері атанған Тұрсекең – Тұрсынбек ақсақал кенет отырғандарға: «Не айтып отырсыңдар? Адасып, ауып келген бала жоқ. Алаштың әкесі баласын әлпештеп Алаша депті деген аңыз бар», деді. Жұрт аң-таң аудан уәкіліне қарады. Ешкім бұған мән берген жоқ. Дегенмен, сол ақсақалдың айтқанымен бүгінгі деректердің арасында үндестік байқалады. Қалай десек те тегін адамға мұндай зәулім күмбез салынбасы белгілі.

«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы 1-томының 248-бетінде Алаша ханға берген тұжырымдаманы оқып көрелік. Алаша (Алаш) хан — халық аңызы бойынша Алты алашты құраған тайпалардың түп атасы, шыққан тегі қарапайым кісі», делінген. Оның есімі қазақтың шығу тегін баяндайтын ең көне аңыздарда кездеседі. Сондықтан кейбір ежелгі деректерде Алаш этнонимінің шығуы да осы Алаша хан атымен байланыстырылады. Алаша хан ел жадында жауынгер тайпалар – көшпелі түркілерді біріктіріп, тұңғыш Алаш (қазақ) мемлекетін құрған ұлы қайраткер ретінде қастерленеді. Әбілғазы шежіресінде Алаша ханның әкесі Көк хан болғандығы, ұрпақтарының бірінің есімі Қара хан, ал немересі оғыздардың түп атасы – Оғыз хан аталғандығы жазылады. Рашид әд-Дин мен Әбілғазы тарихшылар Алаша ханның өмір сүрген жері – Дешті Қыпшақтың орталық бөлігі деп көрсетеді».

Міне, тарих бізді осылай көне заман қойнауына жетелей түседі. Ұлытаудағы сәулет өнерінің бірегей ескерткіші Алаша хан күмбезінде болған сайын терең ойға берілесің. Ғалымдар бұл кесенені Қара хан әулетіне, Х-ХІІІ ғасырлардағы оғыз-қыпшақ заманындағы сәулет өнерінің қатарына қосады. Басқа да болжамдар аз айтылмайды.

Кезінде Ұлытаудан бері 18 шақырым жерде көне қалашықтың орны табылған. Ұлттық энцикло­педия­да сол орын орта ғасырдағы Алаша хан қаласының орны депті. Сонымен Алаша хан есімі – Алашахан есімі бір есім. Сан ғасыр ортамызда елдің, жердің иесі болған ұлы бабамыздың күмбезі тұр. Қазақтың мықтылығы тектілігі емес пе. Тарих әділдігін сақтап, күмбездің атауын Алаш ата күмбезі деп атасақ та қисынды болар деп ойлаймын. Осы әрекет ұлттық құндылығымызды тануға, ұлтты біріктіруге, ұрпақ тәрбиесіне үлкен әсер етері сөзсіз.

Қойшыбек ТОҚТАМЫСҰЛЫ,

соғыс және еңбек ардагері.

Қарағанды облысы,

Қ.Сәтбаев қаласы.