Қоғам • 05 Қаңтар, 2020

Алматы облысында отқару өткізгендерге 6,5 млн теңге сыйақы төленді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс полицейлері 157 атыс қаруы мен 615 дана оқты заласыздандырды.

Алматы облысында отқару өткізгендерге 6,5 млн теңге сыйақы төленді

Жойылған отқарудың денін тұрғындар өз еркімен құқық қорғау органдарына әкеліп тапсырған. Былтыр 97 адам ескі қару-жарақ пен оқ-дәрі өткізіп, оларға сыйақы ретінде 6,5 млн теңге бюджет қаржысы жұмсалған екен.

Алайда, тұрғындар арасында заңсыз қару сақтайтындар қатары азаймай отыр. Мәселен, 1 қаңтар күні Талдықорған қаласындағы полиция патрулі  күдікті көрінген көлікті тоқтатып, тексеру кезінде отқару тапты. «BMB»  көлігін тізгіндеген 19 жастағы жігіт 16 калибрлі мылтық пен газ пистолетінің рұхсат қағазын көрсете алмаған. Тексеру кезінде заңсыз қару-жарақтың тіркеу нөмірі қолдан өшірілгені анықталды.