Кездесу барысында Т. Хитуов Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауы бойынша және мәслихатта ұсынылған заңнамалар жөнінде баяндады.⠀
Оның айтуынша, 2020-2022 жылдарға арналған бюджет күшіне енді. «Нұрлы жер» бағдарламасы жалғасын тауып, «Ауылым - алтын бесігім» атты бағдарлама бойынша ауылдардың жағдайын жақсартуға бюджеттен 90 млрд теңге бөлінген.⠀
Депутаттар сөз соңында жиналған қауымнан өңірдің қандай мәселелері бар екендігін сұрады. Өз кезегінде жиналғандар тарапынан бірнеше ұсыныстар түсті. Біріншіден, тариф мәселесі бойынша энергиямен қамтамасыз етуші МАЭК-тен энергиямен жабдықтайтын АУЭС, «Каспий жылу су арнасы» мекемесін қалдырып, «AllianceEnergoSnab» мекемесін алып тастауды ұсынды. Сонда тарифті өсірмей тұрақтандыруға болады делінді.
Екіншіден, мұнайдан түсетін қаржыны туризм саласын дамытуға жұмсау, Атырауға қатынайтын пойыздың жүру уақытын қысқарту мәселесі айтылды.⠀
Сондай-ақ кездесуге келген мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері зейнетақы жасын 63 жасқа дейін ұзартпауды және зейнет жасындағы жұмыскерлерді заң жүзінде реттеп, жұмыс орындарын уақтылы босатуды сұрады.⠀
Ұсыныстардың ішінде көпқабатты тұрғын үйдің пәтер иелерінен жер салығын алмауды және кооператив жұмысы тиімсіз болғандықтан, таратуды сұрады.
⠀
Бұл ұсыныстар бойынша мәжілісмендер жеке-жеке қарастырып, Үкіметке жеткізуге уәде берді.