С.Айтпаева кездесу барысында Сенат депутаттарының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында берген тапсырмаларын орындау барысы туралы ұстаздар қауымын хабардар етті.
Оқытушылар Парламент депутаттары қабылдаған «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заңға назар аударды, онда еңбекақыны арттыру, педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы енгізу, педагогтарды өзіне тән емес функциялардан босату, педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыруға мүмкіндік беру көзделген болатын.
Сәуле Айтпаева сонымен қатар ауыр қылмыстар жасауға, әсіресе кәмелетке толмағандарға, педофилияға, адам саудасына қатысты, жыныстық зорлық-зомбылық жасауға байланысты қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қатайтуға бағытталған басқа да жаңалықтар туралы айтып берді.