Қымбатты қазақстандықтар!
Еліміздің православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады.
Конфессияаралық келісім – мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз.
Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православие христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосуда. Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз.
Барлық православие христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін!
Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!
7 қаңтар, 2020 ж.