Егер әлеуметтен “Қажымұқан Мұңайтпасов кім?” деп сұрай қалсаң, “Қазақтың атақты балуаны” деп жаңылмай жауап беретінін білеміз. Алайда, “Ол қай жерлерде, қандай жетістіктерге қол жеткізді?” деген сауалға екінің бірі мүдірері анық. Одан әрі “Балуанның өмірбаянынан не білесіз? деген тереңдеу сұрақ жұртшылықтың көбін ойлантар еді.
Егер әлеуметтен “Қажымұқан Мұңайтпасов кім?” деп сұрай қалсаң, “Қазақтың атақты балуаны” деп жаңылмай жауап беретінін білеміз. Алайда, “Ол қай жерлерде, қандай жетістіктерге қол жеткізді?” деген сауалға екінің бірі мүдірері анық. Одан әрі “Балуанның өмірбаянынан не білесіз? деген тереңдеу сұрақ жұртшылықтың көбін ойлантар еді.
Менің Қажымұқан Мұңайтпасов есімін алғаш рет естігеніме жарты ғасырдан асыпты. Бала кезімде Сәкен Сейфуллиннің “Бандыны қуған Хамит” повесін оқып шыққаннан кейін онда автор асқан сүйіспеншілікпен жазған Қажымұқан туралы біле түскім келді. Менің іштегі алаңымды қимыл-әрекетімдегі, бет-әлпетімдегі өзгерістен аңдай қоятын анамнан мұның мәнісін сұрағанымда, бір қызық әңгіменің тиегін ағытқан еді. Бұл менің он-он бір жасар кезім. Шешем Мәдина Қостангелдіқызы алғашқы жұбайы, қазақтың белгілі жазушысы, “Кеңес ауылы” газетінің (қазіргі “Солтүстік Қазақстан”) қаламгері Әбдірахман Айсариннің 1932 жылы Қызылжарда болған атақты балуан Қажымұқанды қонақ қылып, қой сойып, дәм бергенін айтқан-ды. Бұл сапарға Қажымұқан Қызылжар мен Омбыда күресу және халыққа арнайы күш амалдарын көрсету мақсатымен шығып, қаланың циркінде бірнеше күн аялдайды.
– Оған қарсы шығатын балуандар – кілең жастар, ал Қажымұқан – шау тартқан адам. Жығыса алмайды. Әлде жұртты жинау үшін әдейі сөйте ме екен, әйтеуір, цирктің алды күнде құжынаған халық, ине шаншар жер болмайды, – дейді шешем. – Бәріміз оның жеңуін тілейміз. Жас орыс балуандары оған қайрат қыла алмайды. Сосын ол бірнеше рет зілмауыр қара тастарды ойыншықша лақтыра ма керек, шалқасынан жатып алып, үстіне он-он бес адамды шығарып, тақтайдан жасалған қақпаны қарнымен шірене итергенде, аналар шашыраған тарыдай домалап кетеді.
Сол жолы қонақта болған Қажымұқан анамнан тер сүртетін үлкен сүлгі сұрап алыпты. “Аға, не бұйымтайыңыз бар?!” деген Әбдірахманға айтқан өтініші сол екен. Бірақ жазушы арнайы шапан тіккізіп, балуанның үстіне жауыпты. Ал аттанарында сол жылы екі жастағы ұлы Аянның аузына түкіртіпті. Алайда, ағам балуан болған жоқ, бүгінде өмірден озған.
Шешем айтқан әңгімеден аңғарғаным – сол жылы Қажымұқанның жасы алпыс-алпыс екі шамасында. Бұл сөзге қарағанда, кейбір зерттеушілердің оны “1886 жылы туған” деп жүргендері қисынға келмейді. Демек, “Қажымұқан 1870 жылы өмірге келген” дейтіндердікі шындыққа жақындайды. Және мұны мына дерек те айғақтай түседі: «Мен өмірімнің 55 жылын күреске арнадым. Талай рет өлім аузында болдым. Америкадан өзге шетелдердің бәрін де араладым. Қазір жасым 75-те. Менің қазіргі тұрмыс жағдайым нашар» деп өз қолымен 1945 жылдың 26 маусымы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Төрағасы Әбсәмет Қазақбаевқа жазған хаты 1990 жылы Алматының “Қазақстан” баспасынан шыққан “Күш атасы” деген естеліктер жинағында көзіме ұшырасты (321-ші бет). Осыны басшылыққа алғанда Қажымұқан 1870 жылы туған болып шықпай ма?
– Тағы бір айтарым, оның түр-тұлғасының адам назарын бірден аудартатыны. Қалың қабақты, бет-әлпеті жалпақтау, қарны шығыңқы, қолы-қары сұмдық сом, биік, зор тұлғалы, – деген еді шешем.
Ендігі бір әңгіме Қажымұқанның Қызылжарда қазақ, орыс байларында жалшылықта болуы туралы. Ол жайындағы жазылған кітаптарда, әсіресе, өткен ғасырдың сексенінші жылдарында шыққандарында және басқа мақалаларда балуан өмірінің Қызылжар тұсы аса назарға алынбайды. Осылардың кейбірінде оның туған жеріне күмән келтіретіндері де барына көзім жетіп жүр. Мысалы, республикалық газеттердің бірінен Қажымұқан Мұңайтпасұлы оңтүстікте туып, Арқа жерінде өсті деген пікірді оқығаным бар. Анығында, оның ата-бабалары Алтыбас қыпшақтан тарап, олар, расында да, Оңтүстік Қазақстанды қоныс еткен екен. Сәбит Мұқановтың әңгімелерінде Қажымұқанның Қараөткел түбіндегі Қоспа ауылында туғаны айтылады. Бұл сәйкессіздіктің тамырына филология ғылымының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың “Өз аузынан естігендерім” деген естелігі балта шабады. Бұл естелігін белгілі ғалым 1946 жылы Ғабит Мүсір