Руханият • 07 Қаңтар, 2020

«Жылы шұлық» табаныңызды ғана емес, жүрегіңізді жылытады

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде соңғы жылдары «Жылы шұлық» атты қайырымдылық акциясын өткізу тұрақты сипат алып келеді. Бұған «Ақбөбек» қайырымдылық компаниясы бастамашы болып отыр. Бұл қайырымы мен жүрегінің жылуы мол жандардың қалтадағы қаражатымен емес, көкіректегі ізгілігі мен жан бай­лығынан бастау алатын іс екені анық.

«Жылы шұлық» табаныңызды ғана емес, жүрегіңізді жылытады

Яғни, акция аясында тоқыма өнерге икемі бар қыз-келіншектердің қолынан шыққан жылы шұлықтар аз қамтылған отбасылардың балаларына беріледі. Аталған рәсім олар қыстан тоңбай, ауырмай, аяқтарынан сыз өтпей шықсын деген ізгі ниетпен ұсынылады. Жас жүректерге жылылық пен мейірім шуа­ғын таратудың бір жолы осы. Бір сүйсінерлігі, жыл сайын бұл шараға қолдау көрсеткен қарапайым жандардың қатары көбейіп келеді.

Дәстүрге ене бастаған акция атауы «Жы­лы шұлық» болғанымен жетім және тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жүрген бала­ларға қыс қарсаңында берілетін сый-сыяпат тек жылы шұлықпен шектелмейді. Сонымен бірге тоқылған кеудеше, бас киімдер мен қолғаптар да тегін сыйланады. Тіп­ті қыздар үшін көздің жауын алатындай әдемі көйлектер де тігіледі. Соңғы жылдары жасыл шұлық қайырымдылық акциясы шең­берінде мыңнан астам жас жеткіншекке он миллион теңге көлемінде тегін көмек берілді.

 

АҚТӨБЕ