Онлайн тіркелу үшін азамат http://egov.kz сайтына өтініш жасап, «Медициналық көмек» бөлімінде «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдауы қажет. Одан соң «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басу керек. Өтініш сәтті жолданғаннан кейін порталда «Сұраныс өңделуде» мәртебесі пайда болады.
Емхананың үйден, жұмыстан 15-20 минут жаяу жүретін жерде орналасқаны жөн. Бұл дәрігерлерге қажет болған жағдайда үйіңізден жедел көмек көрсетуге, бүкіл отбасыңызбен бір дәрігерге қаралуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғылықты жер бойынша емханаға Telegram bot арқылы тіркелу мүмкіндігі бар, ол үшін Telegram мессенджерінде @Kenes1414Bot-қа жазылып, қарапайым тіркеуден өтіп, ары қарай қызмет түрі: медициналық ұйымға мессенджер арқылы тіркелуді таңдап, емхананы таңдау қажет. Қызметті көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні.
Ботпен жұмыс жасауды бастау үшін eGov.kz-ке тіркелген болып, ұялы телефонның нөмірін порталдың профиліне байланыстыру қажет. Телефонды тіркеу және байланыстыру ЭЦҚ пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Сонымен қатар iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, азаматтың қаланың белгілі бір емханасына тіркелгені туралы ақпарат алуға болады.