Аймақтар • 07 Қаңтар, 2020

Маңғыстаудың Бас полицейі жылдың қорытынды есебін берді

254 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қ.Таймерденов жыл қорытындысы бойынша есептік жиын өткізді. Жиынға облыс прокурорының орынбасары Е.Тұрмағанбетов, облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев, ҚАЖД бастығы Ж.Басаров, ТЖД бастығы Қ.Базарбаев, сонымен қатар ПД басқармалары, қала, аудан полиция басқарма, бөлім басшылары қатысты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстаудың Бас полицейі жылдың қорытынды есебін берді

Қанат Даниярұлы баяндамасында жалпы жыл қорытындысы бойынша өңірде болған жағдайлардың статистикасымен таныстырды.

Ақпаратқа сүйенсек, жыл қорытындысы бойынша өңірде тіркелген қылмыстардың саны 4,4%-ға, оның ішінде кісі өлтіру (3,7%-ға), зорлау (3,8%-ға), тонау (32,8%-ға), бұзақылық (33,2%-ға) және бөтеннің мүлікін ұрлау (13,2%-ға) қылмыстары төмендеген.

Сондай-ақ, көше қылмыстары (26,6%-ға), қоғамдық орындардағы қылмыстар (19,7%-ға), кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар (1,4%-ға) және қару қолданып жасалған қылмыстар (41,2%-ға) төмендеген.

Жыл ішінде барлығы 3 мыңнан астам қылмыс ашылды, оның ішінде 565 ауыр және 31 аса ауыр қылмыс.

3 ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, қылмыстық жауапкершілікке ҰҚТ-ның 10 қатысушысы тартылды. 42 букмекер кеңсесінің қызметі тоқтатылды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өткен жылдың сәуір айында өткен ІІМ алқа мәжілісінде «... Азаматтардың әл-ауқаты, олардың қалалар мен ауылдардағы тыныш өмірі, балаларымыздың қауіпсіздігі, әр үйдің қорғалуы полицейлерге байланысты» деген еді.

Қ.Таймерденов атап өткендей, полицияға түскен әрбір өтініш міндетті түрде қаралады, назардан тыс қалмайды.

Сыртқы қызметтерге келетін болсақ, бір жыл ішінде олар 134 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, олар бойынша 700 млн.теңгеден астам айыппұл салынды, оның 578 млн. теңгесі мемлекет кірісіне өндіріп алынды, өндіріп алу пайызы 74,7 құрады.

Жыл қорытындысы бойынша өңірдегі апаттылық жағдайы ЖКО санының 2,5%-ға, сондай-ақ ЖКО-да жараланған азаматтар санының 10,8%-ға өсуі кезінде қайтыс болғандар санының 4,0% -ға төмендеуімен сипатталады.

Көші-қон қызметі арқылы біздің өңірде шетелдіктерді тіркеу 40% - ға 176 мыңнан 105 мың адамға дейін төмендегені байқалады.

Тиісінше әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны – 8 мыңнан 5 мыңға дейін және елден шығарылғандар саны – мыңнан 800 адамға дейін төмендеді.

Жыл ішінде 68 мың шетел азаматтары заңдастырылды (2018ж. – 70021), облыс бюджетіне 828 млн.теңге түсті.

Өткен жылы облыста көптеген іс-шаралар өтті,ең маңыздысы-мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығын мерекелеу.

Қазан айында Департаментке Ішкі істер министрі келіп, жеке құраммен кездесу өткізіп, бөлімшелердің қызметімен танысты.

Қыркүйек айында Ақтау қаласында ІІМ-нің «Парасатты полицей-2019» республикалық байқауы өткізілді.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде облыс аумағында 100-ден астам мәдени-көпшілік, спорттық және басқа да қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізілді, соған қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды.

Қ.Таймерденов жыл бойы әр түрлі күрделіліктегі үш жүзден астам тапсырма беріп, олардың барлығы дерлік орындалды, олардың негізгілерін ғана айтатын болсақ:

- Ақтау қаласының 3 шағын ауданында полиция қызметкерлері үшін тұрғын үй құрылысы басталды;

- болашақта Ақтау қаласының 20 шағын ауданында осындай тағы екі үй, екіншісі Жаңаөзен қаласының «Шаңырақ» шағын ауданында салу жоспарлануда;

- барлық қалалық және аудандық бөлімшелерде 6 фронт-кеңсе ашылды;

- Ақтау қаласында 600 бейнебақылау камерасынорнату басталды. Жаңаөзен қаласында қосымша180 камера орнатылды;

- өткен жылы 300-ден астам бейнебақылаукамералары орнатылған пәтер иелерімен түсіндіружұмыстары жалғастырылды;

- барлық патрульдік автокөліктер адамдардықұтқару үшін арнайы құралдармен толықжабдықталған;

- Министрдің нұсқауына сәйкес бүгінгі күнібейнетіркегішсіз қызметке бірде-бір полицейкіріспейді.

Қызметкерлердің бейнетіркегіштерді ажырату фактілерін болдырмау, сондай-ақ, «онлайн» режимінде жедел басқару орталығынан тіркеуіштерден бейнетіркегіштерді қашықтықтан қарау, сондай-ақ «wi-fi» порталдары арқылы бейнетіркегіштерді жанаспай жүктеу фактілерін болдырмау мақсатында осы жылы «Hytera»/ «Хитера» маркалы жаңа бейнетіркегіштердің саны 100 бірлік құрайтын бірінші партиясы сатып алынады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады.Осыны ескере отырып, сондай-ақ, министрдің тапсырмаларын орындау үшін полиция басшысы біздің өңірде волонтерлерді қолдауды ұйымдастыру қажеттілігін айтып өтті. Еріктілермен өзара іс-қимыл, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуде еріктілер күштерін пайдалану мәселелерін ойластыруды тапсырды.