Қоғам • 07 Қаңтар, 2020

Маңғыстауда жылдың үздік полицейлері марапатталды

748 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда Полиция Департаменті басшысы Қ.Таймерденов 2019 жылдың қорытындысы бойынша қызметте жеткен жетістіктері үшін және өз қызмет салаларында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, қызметінде үздік шыққан қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда жылдың үздік полицейлері марапатталды

«Үздік басшы» - Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің полиция полковнигі Бөкен Жұмағали,
«Үздік жедел уәкіл» - Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция капитаны Ержан Избасаров,
«Үздік тергеуші» - ПД Тергеу басқармасының жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция майоры Алексей Клименко,
«Үздік анықтаушы» - ПД Тергеу басқармасының аға анықтаушысы полиция капитаны Имаммагзум Шагирбаев, «Үздік учаскелік полиция инспекторы» - Ақтау қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Бауыржан Айбеков,
«Үздік полицей» - ПД Айдауыл қызмет ротасының полицейі полиция аға сержанты Кошмағанбетов Асылбек және Ақтау қаласы ПБ Патрульдік полиция батальонының 3-рота 1-взвод полицейі полиция сержанты Абдирешев Ерназар,
«Үздік мемлекеттік әкімшілік қызметші» - Мұнайлы ауданы ПБ кеңсесінің жетекші маманы Маскарова Бахтыгүл,
«Үздік қызметі» номинациясымен - ПД ғимаратының бағбаншысы Зайцева Анна мен еден жуушы Айчанова Гүлназ марапатталды.

Марапатталушылар алғыстарын айтып, қоғамынң тыныштығы үшін қызмет ете беретіндіктерін жеткізді.