Иранның Қызыл Жарты ай қызметі де аман қалғандардың болмауы мүмкін екендігін хабарлаған.
Рейстерді бақылау сайттары Украина халықаралық әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағы Тегеран уақыты бойынша 6.12-да Имам Хомейни халықаралық әуежайынан ұшып шығып, шамамен сегіз минуттан кейін құлағанын айтады.
Бортында 180 жолаушы мен экипаж мүшесі бар Boeing 737 ұшағы таңертең Тегеранда Имам Хомейни атындағы әуежайынан ұшқаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырағанын айтқан едік.