«Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, Украина әуе акомпаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр»,-деді Айбек Смадияров.
Сондай-ақ, Иранда есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатқандығы хабарланды. Елде Қазақстан Республикасының 174 азаматы тіркелген.
Осыған дейін бортында 180 жолаушы мен экипаж мүшесі бар Boeing 737 ұшағы таңертең Тегеранда Имам Хомейни атындағы әуежайынан ұшқаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырағанын хабарлаған едік.
Жергілікті БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, апаттан аман қалғандар болмауы мүмкін.