Қоғам • 09 Қаңтар, 2020

Ақмола облысы Сандықтау ауданында заманауи зертхана ашылды

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каменка  селосындағы №2 агротехникалық колледжінің жыл озған сайын материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Соның арқасында аграрлық салаға орта буын кадрлар дайындау сапасы жақсарып келеді.

Ақмола облысы Сандықтау ауданында заманауи зертхана ашылды

Бұл білім ошағының қоғамдық тамақтандыру бөлімінде 60 білім алушы оқып жатыр. Таяуда болашақ аспаздар үшін заманауи оқу зертханасы пайдалануға берілді.

– Заманауи оқу зертханасы тамақ пісірудің сан алуан құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Алдын ала шикізат дайындап, оны лезде дастархан мәзіріне ұсынуға болады, – дейді оқу-өндірістік шебері Лариса Матрюк.

Колледждің болашақ аспаздары оқу зертханасында бірнеше тағам түрлерін дайындап, достарына тосын сый жасады.

– Мен осы колледждің қоғамдық тамақтандыру бөліміне түстім. Қазіргі күні бұл - өте қажетті мамандық. Оқуды тәжірибемен ұштастырып жүрміз. Жаңа оқу зертханасындағы тамақ пісіру құралдарын игеріп алдым, – дейді студент Ирина Шестернина.

Дуалды  оқыту жүйесін  жүзеге асырып жатқан аграрлық саланың орта буын мамандары озық техналогиялар арқылы білімдерін жетілдіре түсуде.

 

Сандықтау ауданы

Ақмола облысы