Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының бастығы болып Бауыржан Әленов тағайындалды. Бұл туралы бүгін Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының бастығы лауазымына майор Бауыржан Әленов тағайындалды. Бұрын бұл қызметті Зеренді аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болған», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, бұрын Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасын басқарған Өмірбек Бейсенов облыстық ішкі істер департаменті криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары болып бекітілген.
Мұрат Айтқожа.