Руханият • 09 Қаңтар, 2020

Ақмола көркемөнерпаздарының көркейген сәті

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жыл ән-жырдың алтын бесігі атанған Ақмола өңірінің көркемөнерпаздары үшін сәтті жыл болды. Шынайы шеберліктері, табиғи таланттарының арқасында топ жарған кезеңдері аз емес.

Ақмола көркемөнерпаздарының көркейген сәті

Облыстың көркемөнерпаздары «Көкшетау», «Достар» мәдениет сарайларының ұжымдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Заманауи Қазақстан жаһандық әлемдегі» арнайы жобасы аясында Ресей Федерациясының Мәскеу, Санкт-Петербург, Сочи қалаларында, Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында, Моңғолия, Польша Республикасында, Түркия Республикасының Анталия қаласында, Грузия Республикасының Батуми қаласында өткен халықаралық фестивальдар мен байқауларына қатысты.

«Полянка» балалар үлгілі хореографиялық ұжымы Қазан қаласында өткен «Танцемания» атты хореография өнерінің халықаралық байқауында «Халықтық стилизация» және «Эстрадалық би» номинацияларында І дәрежелі лауреат дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар, бұл ансамбль би мәдениетінің жоғарғы органы CID — Халықаралық Би Кеңесінің мүшесі титулына ие болып, 2020 жылдың маусымында Мәскеу қаласында Кремль мемлекеттік сарайында өтетін Гран-При кезеңдерінің финалына қатысуға шақыру алды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Қос алқа – 2019» республикалық телевизиялық би байқауында «Шалқыма» халық би ансамблі Гран-При жүлдесін ұтып алды.