Президент • 09 Қаңтар, 2020

Мемлекет басшысы академик Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Өмірзақ Айтбаевтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы академик Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты
«Өмірзақ Айтбайұлы Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік тілдің мәртебесінің артуына өлшеусіз үлес қосты. Ол қазақ терминологиясының дамуына, тіл білімі мамандарының жаңа буынын қалыптастыруға зор еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз және ірі ғалым еді. Қазақ зиялыларының арасында өзіндік орны бар қадірлі Өмірзақ Айтбайұлының ғылыми мұрасы ел болашағы мен ұлт игілігіне қызмет ете береді деп сенемін», – делінген жеделхатта.