Жарысқа пробация есебіндегі 25 сотталған қатысты. Қызықты да тартысты өткен додада тир атудан 6 оқтың 5-еуіне дөп тигізіп, мергендік танытқан Б. есімді азамат І орынды жеңіп алса, шахматтан шапшаң ойлау қасиетімен барлығын шаң қаптырған А. есімді азамат жеңімпаз деп танылды. Тартысты өткен додаға аудандық спорт бөлімінің қызметкерлері қазылық етті. Шара соңында жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар медальдармен және кубокпен марапатталды.
«Пробация есебіндегі азаматтармен түрлі деңгейлердегі спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып тұрамыз. Бұл азаматтардың қоғамнан шетте қалмауын, саламатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралар да алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады» деді Қазалы аудандық Пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Е.Сражатов.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД