Аймақтар • 09 Қаңтар, 2020

Павлодар әуежайынан жылына 1 мыңға жуық ұшақ ұшады

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр әуежай еліміздегі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының иелігінен облыс әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілді. Қазір әуежай жұмысын жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Павлодар әуежайынан жылына 1 мыңға жуық ұшақ ұшады

Облыс орталығындағы «Павлодар әуежайы» АҚ мәліметінше, алдағы жылдары еліміздің өзге өңірлеріне жылдам, қолайлы әрі қауіпсіз жету мүмкіндігі жасалуда.

Бұл мақсат үшін облыс әкімдігі әуежайдан ұшып шығатын жаңа бағыттарды қарастыруда.

Өткен жылы әуежай халықаралық мәртебеге ие болды. Енді ұшақ жолаушыларына қызмет көрсету сапасын арттыру үшін түркиялық инвесторлардың тартылуы мүмкін.

Павлодар әуежайы 1973 жылы ашылған. Аумағы 235 гектар.

Қазір әуежайдың қуаттылығын арттыру үшін күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ.

Қазіргі таңда сағатына 200-ден астам жолаушы қабылдайды, жылына 1 мыңға жуық ұшақ ұшады.

Ал өткен жыл қорытындысы бойынша әуежай арқылы 200 мыңнан астам жолаушы тасымалданып, 300 мың тоннадан астам жүк пен пошта жеткізілген.

Жалпы, әуежайдан ұшақтар Нұр-Сұлтан, Алматы, Мәскеу, Новосібір, Беларустің Минск қалалары мен Түркияға ұшуда.

Алдағы уақытта еліміздегі әуе компанияларының келісімімен жолаушылар сұранысына ие жаңа бағыттар ашылмақ. 

 

Павлодар