Оқиға қалай болған?
«Титаник» жұлдызы өз яхтасымен Кариб теңізінде демалып жүрген. Бір кезде ол рациядан тағы бір қайық капитанының сигналын естіген. Ол өз жолаушысын жоғалтқанын айтқан: 24 жастағы француз ішімдікке мас болып, борттан құлап кеткен көрінеді. Оның суда қанша уақыт болғаны және қайда екенін капитан білмеген.
Ди Каприоға теңізде жоғалып кеткен ер адамды табу үшін бірнеше сағат керек болған. Ер адам күші сарпылғанына қарамастан қолын созып, көмек сұраған.
Борттан құлап кеткен ер адамның 11 сағат бойы суда болғаны анықталды.
Яхтада Леонардо Ди Каприо құтқарылған жігітке тамақ беріп, киіндірген. Жолы болғыш жігіттің есімі - Виктор, оның қарны ашып, әбден жүдеген екен. Француз есін жинаған уақытта, актерға алғыс білдірген. Жолаушысын жоғалтқан капитан теңізден адам табу мүмкіндігі «миллиардтан бір» екенін айтады.
Айта кетейік, Ди Каприоның яхтасы сигналға жауап берген жалғыз кеме болған.