«10 қаңтар күні сағат 15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысындағы BekAir әуекомпаниясы ұшағының апаты себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамы бойынша мәлімдеме жасалады» делінген хабарламада.
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр; Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев ; Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко баяндама жасайтын болады.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан BekAir компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны белгілі болды. Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен ұшақ апатының себептерін тергеу бойынша Үкіметтік комиссияның отырысы өтті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия жіберілген болатын.