Ақпараттың көптігі сондайлық, оны БАҚ-тың өзі игере алмай қалатын заманда өмір сүрудеміз. Ағыны қатты аласапыран ақпарат тасқынының арасынан «келі» деген бір сөзді оқығанда яки естігенде, әттең-ай... қазақ журналистикасының отымен кіріп, күлімен шыққан талай әріптестердің сипақтап қаларын сезіп те, біліп те, көріп те жүрміз.

Біздің білуімізше, мектептің 6-сыныбында физика пәнінде тайға таңба басқандай етіп, килограмның «қазақша» атауы да «килограмм» – ол халықаралық стандарттық өлшем бірлігі деп жазылған емес пе еді?! 1901 жылдан бері солай, Дүниежүзілік құзырлы ұйым солай бекіткен. Қысқартылған белгісі: қазақша – кг., ағылшынша – kg. «Kilogramme» – ХІХ ғасырдан қалған француз сөзі. Ал, ағылшындар басы бүтін сол қалпында қабылдаған. Қазақтың «келісі» ағылшынның «килосының» аудармасы екені анық. АҚШ Конгресі 1866 жылы қысқартылған «kilo» сөзін қолданысқа балама ретінде заңдастырғанмен, 1990 жылы ол шешімін тоқтатты. Содан Халықаралық салмақ пен өлшем комитеті 2011 жылғы кезекті мәслихатында КИЛОГРАММ-ның атауына да, өлшем бірлігіне де әлі-әзірге «тиіспеу» туралы түбегейлі шешім қабылдады.
Ендеше, бізге не жорық, теледидар мен газеттерде – «жұлқа көтергені 100 келі...» «100 келіден жоғары салмақта жұдырықтасты» , т.б. деп, жаңылыспай оқып, шатаспай жазып келеміз! Сағатына 100 келі немесе 100 келіметр жылдамдықпен жүрмегенімізге шүкір, әйтеуір! Десек те, қазір біздің елімізде көзге түсе бермегенмен, қазақтың тілі мен ділін тәп-тәуір меңгерген алыс-жақын шетелдіктердің қатары үсті-үстіне молайып келеді. Ең болмаса, соларды «шатастырмау» жағын ойласайықшы, бауырлар!
Талғат СҮЙІНБАЙ,
журналист.
АЛМАТЫ.