Футбол • 14 Сәуір, 2025

«Ливерпуль» жұлдыздары NIS футболшыларын қолдады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Лигада бірінші орында тұратын және әлемдік футбол тарихындағы ең титулды клубтардың бірі – ағылшындық «Ливерпуль» футбол клубы Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне арнайы сертификат жолдады.

«Ливерпуль» жұлдыздары NIS футболшыларын қолдады

Бұл шабыттандыратын оқиғаның бастамашылары – Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары Айсұлтан Аманғос пен Нарбол Қасымхан. Олар оқу жылы бойы атақты футбол құрамасымен хат алмасып, мектептің спорттық жетістіктері мен NIS-тің бастамалары туралы бөлісіп отырды.

Жауап ретінде «Ливерпуль» ФК жас футболшыларға алғыстарын жеткізіп, команданың негізгі ойыншылары қол қойған ресми сертификат жолдады.

«Көптеген оқушыларымыз кәсіби футболшы болуды армандайды. Ал бұл сертификат өзімізге деген сенімімізді одан сайын арттырады. Олардың жігерлендіретін сөздері бізді алға жылжуға, жаттығуға және жаңа белестерді бағындыруға шабыттандырады. Бұл көп еңбектенген адам кез келген арманға қол жеткізе алатынын еске салады», дейді Айсұлтан Аманғос.

Енді аңызға айналған Cafu қолтаңбасымен бірге NIS қоржынында халықаралық атағы бар символдардың бірі – Ливерпуль сертификаты бар.

Айта кетейік, Англияның 19 дүркін чемпионы, Чемпиондар лигасының 6 дүркін жеңімпазы және басқа да көптеген халықаралық және ұлттық атағы бар «Ливерпуль» футбол клубы өзінің назары мен қолдауымен бүкіл әлем бойынша жас спортшыларды шабыттандырып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Төрт адамның өмірін сақтаған

Медицина • Бүгін, 08:05

Төрт жасар жазушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Әлеуметтік нысан ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жәкеңнен қалған жәдігер

Көрме • Бүгін, 07:53

Ең алып мұрал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Елена Рыбакина – финалда!

Теннис • Бүгін, 07:38

Бір мезетте – мың сабақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:33