Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020

Алматы қаласын дамытудың жаңа мүмкіндіктері

476 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндiрiстiк орталық ретiндегi ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, оның ерекше мәртебесiн айқындайтын құқықтық негiздердi, қаржымен, экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру шараларын белгiлеу арқылы ары қарайғы дамуы заңмен белгіленеді.

Алматы қаласын дамытудың жаңа мүмкіндіктері

Осы орайда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев, «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Ізтілеуов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» баспасөз конференциясында қала мәртебесіне қатысты маңызды жайттармен бөлісті.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында Үкіметке ең ірі үш қала әкімдіктеріне, оның ішінде қала құрылысы саясаты, көлік инфрақұрылымы және сәулет келбетін қалыптастыру саласындағы құзыреттерін кеңейту тапсырылды. Ұлттық экономика министрлігі Алматы қаласының әкімдігімен және басқа да орталық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып Үкіметке ұсыныстар енгізді. Осылайша, 2019 жылы 28 желтоқсанда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытуға жаңа мүмкіндіктер беретін «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң; «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы; «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарға қол қойғаны белгілі.

Енгізілген өзгерістер Алматы қаласының мәртебесін анықтайтын ағымдағы заңнамасының құқықтық мониторингі мен талдауының, сондай-ақ ірі мегаполистер мен әлемдік астаналар мәртебелерін регламенттеудің шетелдік тәжірибесін зерттеудің нәтижесі болды.

М. Әзірбаев атап өткендей, сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары, жасыл қорды сақтау, кәсіпкерлік, коммуналдық меншікті басқару, Көлік және әлеуметтік салаларды дамытуға қатысты 28 өзгерістер енгізілді.

Заңдағы өзгерістердің негізгі мақсаты қала тұрғындарын қолайлы жағдаймен қамту, бұл қаланы дамытудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Мысалы, Алматы қаласы үшін аумақтың сәулеттік және қала құрылысын дамыту бөлігінде жеке ережелер мен талаптарды қабылдауға мүмкіндік беретін норма енгізілді. Ереже ғимараттардың сәулеттік келбетін сақтау үшін қалалық кеңістікті безендіру және салу бөлшектерін регламенттеуге арналған. Бұдан басқа, абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру элементтері қатар жиналады және қала сәулеттік бірегейлігін қалыптастыру мен сақтау сондай-ақ,  сәулет және қала құрылысы қызметін іске асыру кезінде теңгерімсіздік пен ретсіздікті болдырмауға мүмкіндік беретін стандарт жасалады.

Қала маңындағы аумақтарды қала құрылысын игеру кезінде әлеуметтік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды дамыту процестерін қамтамасыз ету үшін қала маңындағы аумақтарды қала құрылысын жоспарлауды үйлестіру және іске асыру жөніндегі қаланың өкілеттіктері кеңейтілді.

Оңтүстік астананың жасыл қорын сақтау және қорғау мақсатында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғаудың жеке ережелерін әзірлеу және бекіту функциялары көзделген, онда өтемдік отырғызу, жасыл желектерді жасарту, санитарлық кесу бойынша нормалар енгізілетін болады, сондай-ақ жасыл желектерді күту бойынша жұмыстар жүргізу және технологиялар бойынша нұсқаулықтар әзірлеу және т. б. көзделген.

Сондай - ақ, Заң негізгі құзыреттіліктермен қатар, көлік, жұмыспен қамту саясаты, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін дамыту мүмкіндігін қарастырады, олар қаланы дамытуға, сапалы қалалық орта құруға, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға, бизнесті дамытуға бағытталады деп қорытындылады Мұхит Әзірбаев.

Соңғы жаңалықтар