Парламент • 10 Қаңтар, 2020

Нұрлан Қылышбаев Қапшағай қаласында еңбек ұжымдарымен кездесті

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев жұмыс бабындағы сапармен Алматы облысының Қапшағай қаласында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Қылышбаев Қапшағай қаласында еңбек ұжымдарымен кездесті

Сенатор қуаты 100 Мвт «Eneverse Kunkuat» күн электр станциясын аралады, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру жөніндегі «Кұмсуат Фарм» мекемесінің жұмысымен, «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыратын «Термомакс» серіктестігінің «Balsu-Lux» тұрғын үй кешеніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысымен танысты.

1

Сенатор еңбек ұжымдарымен кездесу аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларының, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтары мен іске асу барысы туралы хабардар етті. Сондай-ақ Парламенттің 2019 жылғы заң шығару жұмысының қорытындылары туралы айтылды.

1