Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020

Оралда оқушы қыз жоғалып табылды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласының полициясы түн ішінде үйінен кетіп қалған 15 жасар оқушы қызды таңға жақын іздеп тапты. Ол өз үйінен кешкі сағат 21.00-де шығып кеткен.

Оралда оқушы қыз жоғалып табылды

Болған оқиға туралы полицияға жасөспірім қыздың анасы хабар берген екен. Қараңғыда үйінен кетіп қалған қыз бала анасының қоңырауын жауапсыз қалдырған. Адам жоғалғаны туралы ақпарат түскен бойда полиция дабыл көтеріп, іздеуге кірісті. Сөйтіп, таң алдында жасөспірім қыздың қайда екендігі анықталған. Оның үйінен кетіп қалуына үйдегі жанжал себеп болыпты. Қыз бала кетерінде хат жазып қалдырған екен.

Жоғалған қыз бен оның ата-анасымен ювенальдық полиция инспекторлары сөйлесіп, түсінік жұмыстарын жүргізген.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция Департаменті криминалды полиция басқармасының мәліметінше, 2019 жылы жоғалған адамдар туралы 632 қоңырау түсіп, оның 579-ы сол тәулік ішінде табылған екен.