Металлургтер мерекесі қарсаңында Игнатий Евгеньевич Лиді арнайы әңгімеге тарттық. Биылғы кәсіби мереке ол үшін аса ерекше болғалы тұр. Өйткені, оның қос тойы қатар келмекші. Тамыздың басында Игнатий ақсақал 90 жасқа толады.
Игнатий Лидің ұзақ жылдар бойғы еңбегі, төккен тері еш кеткен жоқ. Үкімет тарапынан жоғары бағаланды. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Қажырлы еңбегі үшін» төсбелгісімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталып, республика Мемлекеттік сыйлығының, КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының екі мәрте лауреаты атанды.
Металлургтер мерекесі қарсаңында Игнатий Евгеньевич Лиді арнайы әңгімеге тарттық. Биылғы кәсіби мереке ол үшін аса ерекше болғалы тұр. Өйткені, оның қос тойы қатар келмекші. Тамыздың басында Игнатий ақсақал 90 жасқа толады.
Игнатий Лидің ұзақ жылдар бойғы еңбегі, төккен тері еш кеткен жоқ. Үкімет тарапынан жоғары бағаланды. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Қажырлы еңбегі үшін» төсбелгісімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталып, республика Мемлекеттік сыйлығының, КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының екі мәрте лауреаты атанды.
Қазіргі уақытта мыс зауытында кезінде бірге еңбек еткен замандас, әріптестерінен ешкім қалмаса да, шәкірттері майталман маманның жолын лайықты жалғастыруда. Солардың бірі – Жезқазған мыс қорыту зауытының директоры Бағлан Таненов.
– Игнатий Евгеньевич кадрларды іріктеуге, жас мамандарды даярлауға байыппен қарайды. Мен 1993 жылы осы зауытқа жас маман ретінде келген болатынмын. Сол кездегі тәртіп бойынша жоғары дәрежелі дипломға қарамастан еңбек жолын қатардағы жұмысшы ретінде бастадым. Тек сынау мерзімі аяқталып, қауіпсіздік техникасы жөніндегі сынақтан өткеннен кейін ғана барып, цех шебері болып тағайындалдым. Осы сынақтардың барлығына Игнатий Евгеньевич арнайы қатысып, қадағалап отыратын, – дейді Бағлан.
Бағлан Төреқасымұлының айтуынша, И.Лидің қолымен жазылған нұсқаулар әлі күнге дейін бар. Ерекшелігі сол, онда пешті қалай іске қосу керектігі туралы, мысты балқыту барысы қарапайым, ұғынықты тілмен жатық жазылған.
– Қазіргі уақытта ол компания басшылығының металлургия саласы бойынша кеңесшісі. Игнатий Евгеньевич мол тәжірибеге, терең ақылға, энциклопедиялық есте сақтау қабілетіне ие, ерекше жаратылған тұлға. Телефон арқылы жүргізілетін шұғыл мәжілістерімізді тыңдап, бағалы кеңестерін беруден жалықпайды, – деп ардагердің бұрынғы әріптестерінің ортасына жиі келіп тұратындығын атап айтты зауыт басшысы.
– Менің осы жерде еңбек еткеніме отыз жылдың жүзі болыпты. Расын айтсақ, біз дайынға келдік қой. Ал, бәрін басынан бастаған, мыс зауытының іргетасын қалауға атсалысқан Игнатий Лидің қаншама күш-қуат жұмсағанын енді түсіне бастадым, – деген зауыттың бас инженері Жұматай Көкішев қарапайым бір мысал келтіре кетті. – Мысалы, кен-термиялық пешін күрделі жөндеуден өткізу үшін дайындық жұмыстарын жарты жыл бойы жүргіземіз. Бұл шараға ондаған адам, бірнеше ұйымдар қатысады. Көп күшті талап етеді. Бұл жерде әңгіме бүкіл зауыт қарап отырған бір пеш қана туралы болып отыр.
Катодты-анод бөлімінің бастығы Толқынбек Нұрмағамбетов Игнатий Евгеньевичті өте адал, қара қылды қақ жарған әділ басшы деп бағалайды.
– Конвертор бөлімінің шебері болып жүргенімде апатты жағдай орын алды. Оны залалсыздандыру үшін 80 тонна балқыманы жерге төгу керек болды. Шұғыл шешім қабылдап, солай істеуіме тура келді, – деген Толқынбек әңгімесін әрі қарай жалғастырды. – Мен берген түсініктемені үн-түнсіз тыңдаған Игнатий Евгеньевич ештеме деп тіс жармады. Ал, келесі күні «Апатты жағдайдағы шебердің әрекеті дұрыс» деген бұйрық шыққанда төбем көкке жеткендей болды.
Әріптес-ізбасарлары осыншалық жылы лебіз білдірген И.Ли қазақ жеріне әу баста қалай келіп еді? Ол Приморье маңындағы «Кедровая Падь» ауылында 1923 жылдың 10 тамызында дүниеге келген. Жеті жасында корей мектебіне оқуға барады. Мектеп қабырғасында жүріп ол болашақ ұстаздарын, тамаша адамдарды жолықтырады. Бесінші сыныпта атақты корей ақыны Чо Мен Хиден дәріс алып, жырларына сусындап өседі. Математика пәнінің мұғалімі Ким Иль Хаканы да ұмытпақ емес. Ұстаздарынан болашағына баспалдақ болар білім мен біліктілік, тәлім мен тәрбие алып ержетті.
Он төрт жастағы жасөспірім тағдырдың талқысымен 1937 жылы ата-анасымен бірге жер аударылып, Үштөбе станциясынан бір-ақ шығады.
– Жас болғандықтан шығар, сол кездегі елдің басына түскен ауыртпашылықты бірден түсіне қойғаным жоқ. Өткеннің елесі кейін ғана жадымда жаңғырып, күн өткен сайын айқындала берді, – деп есіне алады Игнатий Евгеньевич. – Ұмытпасам елуінші жылдардың тұсы ғой деймін, демалыстан үйге қайтып келе жатқан бетім. Новосібір жерімен жүйткіп келе жатқан пойыздың терезесінен күзгі табиғатты тамашаладым. Орман-тоғай, ауыл көзіме оттай басылып, өз ауылым есіме түсті. Тіпті, тамбурда тұрып жылап та алдым. Бұл сағыныштың жасы еді.
Болашақ металлург мектепті жақсы аяқтауға, сөйтіп, жоғары оқу орнына түсуге бел буады. Осы мақсатпен үлкен ағасынан орыс мектебіне ауысуға көмектесуін сұрайды. Осылай оныншы сыныпқа орыс тілінен бір ауыз сөз білмей келген оның талабын көрген мұғалімдер мен сыныптастары барынша қолдау танытады. Бір жолы жазған шығармасынан 148 қате табылғанын айтып, Ли ақсақал бір күліп алды. Дегенмен, күші мен жігері тасыған, талабы таудай Игнатий жасыған жоқ. Жолында кездескен барлық қиындықтарды жеңіп шықты. Жыл аяғында диктантты таза төрт деген бағаға жазатын күйге жетті. Мұнан кейін қайтадан өз мектебіне ауысып, оны үздік тәмамдап шығады.
Құрылысшы мамандығын игеру ниетімен Мәскеудегі Бауман училищесіне оқуға түспекші болды. Ташкентке де кетпекші болды. Бірақ комиссия құжаттарын қабылдамай, қайтарып береді. Бәріне кінәлі төлқұжатындағы еркіндігі шектелгендігі туралы мөр еді.
Мұнан соң ол сол уақытта жаңадан ашылған үш жылдық политехникалық институттағы гидромелиоративтік факультетке еш қиындықсыз қабылданды. Студенттік кезең сұрапыл соғыс жылдарына тап келді. Бірінші семестрден кейін сырқаттанып, үйіне оралады. Оңалғаннан кейін колхозға жұмысқа тұрған ол таңның атысы, күннің батысы күріш алқабында жұмыс істейді. Кейіннен оқуына қайта оралған жас жігіт жатақхананың коменданты болып тағайындалып, жоғары шәкіртақыға ие болады.
Қ. Сәтбаев атындағы тау-кен металлургиялық институтын бітіргеннен кейін жетекшілері – химия маманы Владимир Стендер, ғылым докторы Виктор Пономаревтің кеңесімен Игнатий Ли Үлкен Жезқазған жұмысшылар ауылында орналасқан тәжірибелі гидрометаллургиялық зауытқа аттанады. Сөйтіп, 1947 жылы жас маман Жезқазған қаласына келеді.
– Екі қабатты бірнеше үй ғана бар еді. Қала мен вокзалдың арасында бос жатқан дала. Зауыт енді-енді салынып жатыр. Құрылысының аяқталуына да біраз уақыт бар сияқты. Кейін қайтуға билетке ақшам болмады, әйтпегенде... – деп бір күліп алды әңгімеміздің басты кейіпкері.
Ол кезде қалада корей отбасылары саусақпен санарлықтай ғана болатын. №1 мектептің директоры Василий Пай Ир Игнатий Лиді жоғары сыныптарға физика, математика пәнінен сабақ беруге шақырады. Жас инженер сөйтіп мектептің алғашқы түлектерін дайындауға да атсалысқан.
Ол қай жерде еңбек етсе де, қандай міндет жүктелсе де жауапкершілікті ұмытқан емес. Комбинаттағы техникалық бөлім инженері, гидрометаллургиялық зауыт директоры, аға инженер, кәсіподақ комитетінің төрағасы, металлургия комбинатындағы өндірістік-техникалық бөлім бастығы болып жүрген тұста да тура жолдан тайған жоқ. Е.Ли Қарсақбай байыту фабрикасында зертхананың ашылуына да атсалысты.
Қарт металлург Жезқазған жерінде мыс зауытының тұрғызылу тарихының бүге-шігесіне дейін біледі. Сол кездегі комбинаттың директоры Виктор Гурбамен бірге Жезқазған мыс зауыты құрылысының салынып, аяқталуына қатысып, көздеген мақсатқа қол жеткізді. 1959 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің №181 «Жезқазған аймағын дамыту туралы» қаулысы шыққан болатын. Кеңес үкіметінің қаулысына қарамастан зауытты салу жөніндегі айтыс үш жылға созылды. Ақыры мыс зауытын Жезқазғанға салу жөнінде шешім қабылданып, 1964 жылы жобалық тапсырма бекітіледі. Тағы бір жыл электр балқыту технологиясын енгізуге кетіпті.
1967 жылдың аяғында қазу жұмыстары басталып, келесі жылдың бірінші қаңтарынан Игнатий Евгеньевич салынып жатқан зауыттың директоры болып тағайындалып, пікір