Денсаулық • 13 Сәуір, 2025

Алматылықтар 46 миллиард теңгенің тегін дәрі-дәрмегін алды

4045 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен 2024 жылы Алматы қаласында 380 мыңға жуық тұрғын жалпы сомасы 46 миллиард теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Алматылықтар 46 миллиард теңгенің тегін дәрі-дәрмегін алды

Олардың қатарында қарапайым препараттармен қатар бір қаптамасының құны 34 миллион теңгеге дейін жететін жоғары бағалы дәрілер де бар. Бұл туралы медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Алматылықтарға парацетамол сияқты қарапайым препараттармен қатар, жұлынның бұлшықет атрофиясы сияқты ауыр ауруларға арналған өмірлік маңызды дәрі-дәрмектер де берілді», – деді Ілияс Мұхамеджан.

Сонымен қатар, қормен стоматологиялық қызметтерге 3 млрд теңге төленді. Оның ішінде, жақ-сүйек кеселімен туған балаларға арналған ортодонттық көмек те бар.

Спикердің айтуынша, халықтан келіп түскен өтініштермен де белсенді жұмыс жүргізілуде. 2024 жылы алматылықтардан Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, msqory.kz сайты және 1414 байланыс орталығы арқылы 13 033 өтініш келіп түскен.

«Өтініштер арасында медицина қызметкерлеріне алғыс білдірген хаттар да, шағымдар мен консультациялық сипаттағы сұрақтар да бар. 2025 жылдың бірінші тоқсанында өтініштер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға азайып, жүйенің жұмысындағы жақсартуларды көрсетті», – деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.

Ол қордың медициналық ұйымдармен және пациенттерді қолдау қызметтерімен бірлесіп, мәселелерді «осында және қазір» шешу үшін ынтымақтастықты жалғастырып жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25