Кездесуде ұжымдық шарттар, қызметкерлердің қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, шағын және орта бизнесті қолдау мен жалақы мәселелері талқыланды.
Парламентшілер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларының негізгі ережелерін түсіндірді.
Бүгінгі таңда облыстық кәсіподақтар бірлестігіне 120 мыңнан астам адам мүше болып отыр. Аймақтағы 15 салалық кәсіподақ ұйымдарында 1300-ден астам бастауыш ұйым жұмыс істейді.
Депутаттар сондай-ақ «Talas Investment Company» серіктестігінің қызметімен де танысты. Кәсіпорын 570 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, олардың негізгі бөлігі жергілікті тұрғындар болып табылады.
Сондай-ақ Талас аудандық орталық ауруханасы мен «Қазфосфат» ұжымдарымен де кездесулер болды.