Парламент • 10 Қаңтар, 2020

Сенатор Талғар ауданында бірқатар кездесу өткізді

171 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков аймақтарға сапар аясында Талғар ауданында бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенатор Талғар ауданында бірқатар кездесу өткізді

Аудан әкімі Жолан Омаровпен және «Қазавтожол» өкілдерімен кездесу барысында республикалық маңызы бар Алматы-Талғар-Евгеньевка автомобиль жолын жаңарту және кеңейту мәселесі бойынша депутаттық сауалдың орындалу қорытындысы қаралды.

Полиция басқармасының жеке құрамының қатысуымен өткен семинар - кеңесте сенатор құқық қорғау органдары жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңа реформалар туралы айтып, ІІМ реформасына үш жыл ішінде 1,73 млрд.теңге бөлінетінін хабарлады. Шараға қатысушылар құқық қорғау жүйесін одан әрі реформалауға қатысты басқа да бірқатар мәселелерді талқылады. Кездесу барысында кадрлардың, әсіресе учаскелік полиция инспекторларының жетіспеушілігі сияқты проблемалық мәселелер көтерілді. Осыған байланысты халық санын ескере отырып, штат санын қысқартудың оңтайлы жүйесін пысықтау қажеттігі, сондай-ақ полиция ғимаратының қанағаттанғысыз жағдайына назар аудару керектігі айтылды.

Сол күні орталық аудандық аурухананың дәрігерлерімен де кездесу болды. Сенатор ауруханадағы өзекті мәселелерімен танысты. Жедел жәрдем бригадаларының 2 және одан да көп сағатқа дейін кешігуіне байланысты тұрғындардың шағымдарын ескере отырып, әкімшілік жедел жәрдем қызметін аудандық аурухананың қарамағына қайтару мәселесін қарастыруды өтінді. Сондай-ақ орталық аурухананың материалдық-техникалық жабдықталуына қатысты жағдайлар, оның ішінде мұндағы парк 4 жылдан бері жаңартылмағаны айтылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі, оның ішінде тұрғындар арасында хабардар ету жұмыстарының жеткіліксіздігі қозғалды. Кездесуде сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы талқыланды, дәрігерлердің пікірінше, бұл салада көптеген мәселелер бар.