Руханият • 10 Қаңтар, 2020

Көкөзекте ұлттық құндылықтар ұлықталды

1072 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәттімбет Кәпұлының шәкірттері ұлттық дәстүр туралы жырларын оқып, шараның көркін кіргізді.

Көкөзекте ұлттық құндылықтар ұлықталды

Бүгін Үржар ауданының Көкөзек ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлт руханияты – ұрпақ тәрбиесінің негізі» атты аудандық семинар өтті.

үржар

«Семинарға Үржар ауданы әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Елдос Бейсенов және Білім бөлімінің өкілдері, аудан мектептерінен келген дене шынықтыру пәндерінің оқытушылары, оқушылар және жастар қатысты. Шараның мақсаты: халқымыздың ғасырдан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу, бүркіт салу, ат үйрету сияқты ұлттық ойын түрлерімен таныстыру.

үр

Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Б.Тұрлыбеков семинарға қатысушыларды құттықтап, шараның өтуіне ұйытқы болған Тәттімбет Кәпұлына аудан әкімі С.Зайнулдиннің алғыс хатын табыстады.

үр 3

үр 4

Ашылу салтанатынан кейін қатысушылар мектептегі ұлттық кабинетке барып, ұлттық ойындардың ерекшелігімен және ұлттық ойындардың үлгілерімен танысты. Шара қонақтары құс баптау және қамшы өру секілді ұлттық құндылықтар жайындағы құнды мағлұматтарға қанықты. Тәттімбет Кәпұлының шәкірттері ұлттық дәстүр туралы жырларын оқып, шараның көркін кіргізді. «Ұлт руханияты – ұрпақ тәрбиесінің негізі» атты теориялық сабақтан кейін қатысушылар ат баптау, бүркіт салу сынды құндылықтарымызды тамашалау үшін мектеп ауласындағы арнайы орынға барды.

үр 5

Шара қонақтары ұлттық әбзелмен көмкерілген ат мінген атбегілер мен ауданның түкпір-түкпірінен жиналған бүркітшілердің өнерін тамашалады.

үр 6

Шараның соңы «Мен – қазақпын» деп аталатын шығармашылық кешке ұласты. Кеш барысында өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, семинар қонақтарынының ерекше қошеметіне бөленді. Шара соңында қатысушылар аудан әкімінің, Білім бөлімі басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды» делінген аудандық Ішкі саясат бөлімінің фейсбуктегі парақшасында.

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы,

Көкөзек ауылы

 Суреттер Үржар аудандық Ішкі саясат бөлімінің фейсбуктегі парақшасынан алынды