Аймақтар • 11 Қаңтар, 2020

Алматы облысында медицина мекемелерін оңтайландыру аяқталды

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл үрдіс бұған дейін мемлекеттік-қазыналық кәсіпорыны нысанында қызмет көрсетіп келген ауруханаларды шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға айналдыру мен тұрғын саны аз елді мекендердегі емдеу орындарын аудандық деңгейдегі емханаларға қосу жолы арқылы жүзеге асқан.

Алматы облысында медицина мекемелерін оңтайландыру аяқталды

Атап айтқанда, енді Талдықорған қаласында және Талғар қаласында  екі ірі наркологиялық диспансер біріктіріліп, бір орталықтан басқарылатын болса, осы екі қаладағы туберкулезге қарсы күрес диспансерлері де оңтайцландыру жолымен қосылды. Ал бұған дейін жеке емдеу мекемесі болып келген Қаскелең қаласының жұқпалы аурулар ауруханасы Қарасай ауданының орталық аурханасына берілсе, Жаркент қаласы мен Есік қаласындағы перзентханалар да аудандық ауруханаға бағынышты болды.

Бұған қоса облыстағы төсек саны 29 орынға жетпейтін барлық ауылдық ауруханалардың мәртебесі алынып, аудандық ауруханаларға қосылған. Ал жалпы саны 237 болатын дәрігерлік амбулаторияның жиырма төрті алғашқы дәргіерлік-санитарлық көмек көрсету орталықтары болып қайта құрылса, тұрғын саны 1 500 адамнан асқан елді мекендердегі 49 фельдшер- акушер пункті мен 13  медицина пункті дәргерлік амбулаторияға айналған.