Әлем • 12 Қаңтар, 2020

Ирандағы ұшақ апаты: Консулдық мәселелер бойынша жұмыс тобы құрылды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Аббас Мусави Тегеранда құлаған Украина ұшағында қайтыс болғандардың ісі бойынша Консулдық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын мәлім етті. Бұл туралы Иранның Irna агенттігі хабарлады.

Ирандағы ұшақ апаты: Консулдық мәселелер бойынша  жұмыс тобы құрылды

Айта кетейік, Киевке ұшып бара жатқан «Украина халықаралық әуе желісі» компаниясының Boeing 737-800 ұшағы 8 қаңтарда, сәрсенбі күні Тегеран әуежайынан ұшып шыққан соң апатқа ұшырады. Ұшақта болған 176 адам түгел мерт болды. 167 жолаушының арасында Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция және Ауғанстан азаматтары болған және 9 экипаж мүшесі бар. Ол Иран Ислам Республикасының саяси және консулдық миссиясының өкілдері мерт болған азаматтардың отбасыларының қажеттіліктерін жіті қадағалап отырғанын айтты.

«Иран сыртқы істер министрлігінде ұшақ құлауы кезінде қаза тапқандардың отбасына қажетті көмек көрсететін арнайы жұмыс тобы құрылды» деп мәлімдеді А.Мусави.

Ол Иран Ислам Республикасының саяси және консулдық миссиясының мерт болғандар отбасыларына қажетті көмек көрсететінін атап өтті.