Руханият • 12 Қаңтар, 2020

Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір марапатқа ие болды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда JSTYLE Exquisite Annual Awards 2019 сыйлығын алды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір марапатқа ие болды

«Мен «Жылдың үздік әншісі» JSTYLE марапатына ие болдым. Рақмет, dears. Мен сіздерді жақсы көремін» деп жазды әнші.

Димаш Құдайбергенге марапат Шаньси провинциясындағы Пинъяо қаласында табысталды. 

Еске салсақ, 2018 жылдың желтоқсан айында ол Internet Bull Ears Awards 2019 нұсқасы бойынша Қытайда ең танымал шетелдік әртіс атанған.

Әншінің алдағы жеке концерті 11 наурызда Киевте және 25 наурызда Прагада өтеді.