Қоғам • 13 Қаңтар, 2020

Біліктілік талаптарына сай болулары міндетті

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті медициналық қызметті жүзеге асырудың заңдылығы туралы ескертті.

Біліктілік талаптарына сай болулары міндетті

Барлық қажетті құжаты бар заңды қызметті жүзеге асыратынына көз жеткіз­ген­нен кейін клиникаға жүгінуге кеңес береміз. Сіз меншік нысанына, ведомство­лық бағыныстылығына қарамастан қан­дай да бір дәрігерге жүгінбес бұрын қызметтің осы түріне лицензия­ның және дәрігердің (орта медициналық пер­соналдың) сер­тификатының бар-жоғын сұраңыз.

Медициналық қызметті денсаулық сақтау ұйымдары меншік ныса­нына қарамастан, тиісті лицензиясы (ли­цен­зияға қосымшасы) болған жағдай­да заңды негіздерде көрсетулері тиіс. Ден­саулық сақтау ұйымдарында лицен­зия­ның болуы ұйымның денсаулық сақтау саласындағы нормаларға, оның ішінде санитарлық талаптарға сәйкестігін куәлан­дырады.

Медициналық қызмет кіші түрлер (амбулаторлық/стационарлық/стацио­нар­ды алмастыратын, диагностика), жас топтары (ересектер/балалар) және мамандықтар (хирургия, стоматология және т.б.) бөлінісінде лицензияланады.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №27 бұйрығымен медициналық қызметтің лицензияланатын түрлеріне біліктілік талаптары бекітілді. Барлық денсаулық сақтау субъектілері біліктілік талаптарға сай болуы тиіс.

Пациенттер үшін клиниканы таңдау критерийлерінің бірі денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы лицензияның және басқа да рұқсат құжаттарының болуы, мысалы, емдеуші дәрігердің немесе мейірбикенің сертификаты болуы тиіс. Пациент клиниканың денсаулық сақтау саласындағы заңнама нормаларына сәйкес екендігіне көз жеткізіп, сапалы емделуге сене алады. Заңнаманың барлық талаптарын адал орындайтын ұйым – сапалы медициналық қызметтерді алудың кепілі.

Сонымен бірге лицензиямен қатар, медициналық қызметкерлердің 5 жыл мерзімге берілетін маман сер­тифи­катының болуы қажет. Медициналық қызметкерлер, яғни дәрігерлер де, орта медициналық қызметкерлер де әр бес жыл сайын өз біліктіліктерін арттырып, медицинадағы жаңа технология­ларды меңгерулері тиіс. Ал лицензия­лау мен сертификаттау нормалары бұзылған жағдайда заңнамада әкімшілік ықпал ету және тиісінше айыппұл және лицензияның қолданылуын тоқтату түрінде өндіріп алу шаралары көзделген. Заңсыз медициналық қызмет үшін дәрігермен қатар ұйым басшысы жауапты болады.