Мәжіліс депутаттарының аймақтарға іс-сапары барысында Парламент Мәжілісі Төрағасы Нұрлан Нығматулин алғашқы сапарын Шығыс Қазақстан облысынан бастады. Биыл туғанына 175 жыл толатын ұлы тұлға Абай Құнанбайұлының туған өлкесіне атбасын бұрған Нұрлан Нығматулин алдымен Семей қаласындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық мұражайында болды.

Мәжіліс Төрағасы ұлы Абай қазынасы Қазақстан халқының рухани игілігі екенін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы ақын шығармаларын кеңінен насихаттауға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Мәжіліс Төрағасы Президенттің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында көрсетілген Абай шығармаларын сақтау және Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алға қойған міндеттердің маңыздылығына тоқталды. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар Абайдың 175 жылдығын жоғары деңгейде өткізумен қатар еліміздің тарихи-мәдени мұраларын одан әрі нығайтуға жол ашатыны сөзсіз.
Осыдан кейін Мәжіліс Төрағасы Семей дәрігерлерімен кездесіп, онда Мәжіліс қарауына енгізілген «Денсаулық туралы» кодекс әңгіме өзегіне айналды. Нұрлан Нығматулин кодекстің жаңа жобасы елімізде медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға айтарлықтай үлес қосу керек екенін атап өтті. Заң жобасында аурулардың алдын алу, дәрігерге дейін және дәрігерлік көмек көрсету деңгейін анықтау, сондай-ақ трансплантологиялық жаңа қадамдарға қатысты көптеген жаңалық қарастырылған.
Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, қазіргі уақытта Палата қарауындағы үкіметтік нұсқа депутаттардың аймақтарға сапары барысында түрлі орталарда жан-жақты талқыланып жатыр. Негізгі құрамына Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, сарапшылар, ҮЕҰ мүшелері, медициналық қызметкерлері кіретін жұмыс тобында аталған кодекстің бағыттары нақтыланып жатыр.
Дәрігерлер ғана емес, мектеп пен балабақша басшылары, психологтар мен қоғамдық ұйым мүшелері қатысқан мазмұнды жиында трансплантология, алдын алу екпелері, скринингтік зерттеулер және басқа да мәселелер талқыланды. Мәжіліс Төрағасы бұл құжат туралы қорытынды жасауға әлі ерте екенін, барлық ұсыныс-пікір ескеріле отырып, халыққа қажетті, сапалы заң қабылданатынын айтты.
Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин Өскемендегі Еңбекпен қамту орталығында болып, көп балалы аналармен және мекеме қызметкерлерімен жүздесіп, аталған орталыққа келушілердің әлеуметтік ахуалын, АӘК жаңа түріне байланысты құжаттық рәсімдеу жайын және қызмет көрсету сапасын назарына алды.
Мәжіліс Төрағасымен кездесушілер қатарында болған аналар түрлі мемлекеттік қолдау арқылы қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Нұрлан Нығматулин осы жылдан бастап көп балалы аналарға жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалғанын еске салды. Ол бала санына қарай 42,5 мың теңгеден 74 мың теңгеге дейін қамтиды. Бұл жәрдемақыны төлеуде отбасы кірісі есепке алынбайды. АӘК төлеудің міндетті шарты – еңбекке орналастыру. Тиісті білім немесе мамандық болмаған жағдайда «Еңбек» бағдарламасы арқылы мемлекет есебінен оқып, мамандық алуға мүмкіндік беріледі. Өткен жылдың 11 айы ішінде 12 мың қазақстандық қатысып, АӘК алып, өз бизнестерін ашқан. 120 мың ауыл азаматтары өздерінің жеке шаруашылықтары жұмысын жолға қойған.
Мемлекет басшысы жариялаған Волонтер жылы жаңа бастамалар уақыты болмақ. Мәжіліс Төрағасы осы тақырыптағы ойын Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде болған облыстық жастар мен еріктілер ұйымдары өкілдерімен кездесуде ортаға салды. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарламаларын, сондай-ақ оларды заңнамалық қамтамасыз етудің басым бағыттары сөз болды.
Нұрлан Нығматулин Шығыс Қазақстан облысы өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы қатар дамыған, тәуелсіз еліміздің экономикасына зор үлес қосып келе жатқан табиғаты бай, индустриялық әлеуеті мықты іргелі аймақтардың бірі екенін айтты. Осы ретте Қазақстанның болашағы жастарда екенін алға тартқан Мәжіліс Спикері еліміздің жарқын келешегі жастардың туған елімізді өркендетуге белсене араласатынына сенім білдірді.
Шығыс Қазақстан облысы
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады
Парламент • Кеше
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
Мәжілістің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқармақ
Парламент • Кеше
Мәжіліс спикерінің орынбасарлары сайланды
Парламент • Кеше
2020 жылы Алматыда 8 елдің азаматтары емделді
Медицина • Кеше
Ангела Меркель орнын босата ма?
Әлем • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Украина Ресейден вакцина ала ма?
Әлем • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды
Парламент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар