01 Тамыз, 2013

Талпыныс – табыс бастауы

368 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

ERA 9249Көптен бері көккейде жүріп әлсін-әлсін еске түсетін жағдай еді, соңғы кездері жиі мазалайтын болды ол. «Неге ол жайында жазбаймын, неге көпшілікпен ойыммен бөліспеймін? Әлде сені түсінбейді, қолдамайды деп қауіптенесің бе?» деген ой еді.

Елбасының соңғы жылдардағы халыққа жолдаулары менің ойымның дұрыстығына көзімді жеткізді. «Баяғыдан мазалаған ойыңды баспасөз бетінде жарияла, көппен бөліс, халық енді сені түсінеді, қолдайды», деген ой келді.

 

 

ERA 9249Көптен бері көккейде жүріп әлсін-әлсін еске түсетін жағдай еді, соңғы кездері жиі мазалайтын болды ол. «Неге ол жайында жазбаймын, неге көпшілікпен ойыммен бөліспеймін? Әлде сені түсінбейді, қолдамайды деп қауіптенесің бе?» деген ой еді.

Елбасының соңғы жылдардағы халыққа жолдаулары менің ойымның дұрыстығына көзімді жеткізді. «Баяғыдан мазалаған ойыңды баспасөз бетінде жарияла, көппен бөліс, халық енді сені түсінеді, қолдайды», деген ой келді.

Мені мазалайтын мәселе басқалардың да ойында бар екен. Қолға қалам алуыма әсер еткен ол «Солтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған «Өндірістің өзегі – жаңа технология, оны жасайтын техник кадрларды даярлау қажет» деген мақала.

Оның авторы байырғы инженер Жолдас Лұқпанов деген зейнеткер екен. Мақаланы үлкен қызығушылықпен оқып, өзімді мазалап жүрген мәселе Жәкеңді де толғандырады екен, енді мен де көкейімдегілерді сыртқа шығаратын кез келді деген шешімге келдім.

Газет Жәкең жайында мынандай мағлұмат беріпті: Жолдас Лұқпанов ақсақал кезінде зауытта инженер болған қаламыздағы саусақпен санарлықтай техник мамандарының бірі. Дәм жазып Қызылжарда тұрақтап қалған Атырау облысының тумасы сонау 1963 жылы Мәскеудегі Ордженикидзе атындағы Инженерлік-экономикалық институттың машина жасау факультетін бітіріп, біздегі Киров атындағы зауытқа инженерлік қызметке келген...».

Аталған зауытқа мен 1970 жылы алғашында техник-конструктор болып қабылдандым, екі айдан соң инженер-конструктор, содан кейін аға инженер-конструктор болдым. Тәмамдаған оқу орным Петропавлдың Ушинский атындағы пединститутының физика-математика факультеті.

Бала кезімнен инженер болуды армандаған едім, өмірдің ағыны осы оқу орнына алып келді. Институтты тәмамдағанда отыздан асқан, екі баланың әкесі, әжептәуір өмірлік тәжірибем бар: шопан, жүргізуші, балташы, мұғалім, ұста жұмыстарын атқардым, үш жыл әскер қатарында болдым. Ең бастысы, коммунист едім! Олай дейтінім, оқуды бітірер-бітірместен мені онжылдық мектепке директор етіп жібермекші болды. Институттың 2-курсынан кейін сырттан оқуға Алматының политехына ауысайын деген ой болып еді, бірақ таныс адамдар «Сен осы оқуды бітіріп, диплом ал, сосын не істейтініңді өмір өзі көрсете жатар», деген ақыл берді

Сонымен, оқу біткен соң, менің өз еркіме жібермей, «Сен коммуниссің ауылды көтеруің керек», деп ауылға жіберді. Бірақ баяғы өндіріске барамын деген ой көп ұзатпай зауытқа алып келді. Жолдас зауыттың жұмысшылар ұйымының төрағасы екен, келесі жылы партия, кеңес орындарына ауысып кетті. Ол кезде жақын танысып үлгерген жоқ едік, кейін қазақтың іліктің ілігі, дәмдес болып жүрдік. Енді бізді мазалап жүрген жағдайға келейін. Ол ғылыми-техникалық прогресс және техник кадрларын даярлау мәселесі.

Мен өзім Киров зауытында аттай 26 жыл әр салада қызметте болдым. Зауытқа келген жылы мектепте мұғалім, директор болдық, енді осындағы қазақтардың арасында қазақша газет-журналға жазылу ісін жүргіз деп партком тапсырыс берді. Бар-жоғы 130 қазақ ұлты бар екен. Осылардың көбінің өндіріске лайық мамандықтары жоқ көрінеді, жеңіл-желпі, ақшасы аз жұмыстар істейді. Кадрды басқаратындардан қазақтар өте аз ғой деп сұрасам, олардың айтатындары – қазақтар өндірісте істей алмайды. Бұл намысқа тиетін жай емес пе? Біздің халықты кемсіту емес пе! Бірақ, көпке күл шаша аласың ба?!

Уақыт өтіп жатыр. Бірде зауыттың үш бұрышы: директор, парткомның хатшысы және кәсіподақтар төрағасы шақырып алып ұжымның социалистік жарысын басқарасың деп қолқа с алды. Бұл іс сенің қолыңнан келеді, бәріміз саған көмекші боламыз. Бұл партияның тапсырысы деп біл, деп бәрі менің қолымды қысты.

Бұл 1971 жылдың басы болатын. КСРО Орталық комитеті, Министрлер кеңесі, Бүкілодақтық кәсіпкерлер одағының қаулысы шыққан. Социалистік жарысқа үлкен үміт артқан уақыт болатын. Алып елдің шаруашылығы алға баспағасын, баяғы НЭП кезіндегі Лениннің социалистік жарысқа қандай мән бергенін еске алып, бар қиындықты осылай шешеміз деген бетбұрыс болатын.

Коммунистік партияның Саяси бюросы алғашқыда бұл іске өте зор мән берді. Біздің ұжымда социалистік жарыстың қоры құрылды, ол 120 000 сомға жетті. Бұл тек қана жарыстың жеңімпаздарына: цех, бөлім, учаске, тағы сондай ұсақ бөлімшелерге, жоғары көрсеткішке қол жеткізген жұмысшылардың кәдесі болатын.

Аға буын білуге тиісті, әскери зауыттарға сырттан келгенді жауапты жұмысқа алмайтын. Ол үшін белгілі біреу «қамқорлық» етуі қажет болатын. Әсіресе, «қаракөздерді» жолатпайтын. Маған зауытқа орналасуға «Социалистік Қазақстан» газетінің фототілшісі марқұм Есілбай Қазбековтің, иманды болғыр, көмегі тиді.

Дүние кезек дегендей, енді, міне, мен біреулерге көмектесетіндей дәрежеге жеттім. Тамыр-таныстарымның балаларын, жалпы өндірісте жұмыс істеймін деген қазақ жастарына қол ұшын беруге тырыстым. Оншақты адамның зауытқа орналасуына себепкер болып едім, бірақ солардың жартысынан кемі ғана тұрақтап қалды. Жаңа келген адамға кім ақшасы мол жұмысты не болмаса жатақханадан тез орын береді? Алғашқы қиындыққа шыдай алмай, кетіп қалады. Олардың келгеніне куә боламын, ал кеткендерін басқалардан естимін. Кадр ісін басқаратындар «Әнеугі сіздің орналастырған адамыңыз кетіп қалды», деп сүйкей салады. Басқа жерде олар «Ауылдан келгендер өндірісте жұмыс істей алушы ма еді? Қазақ мал бағудан басқа не біледі, олар сонымен айналыссын», дейді екен. Қалай бұған намыстанбассың?!

Дегенмен, алғашқы қиындықты еңсеріп, маңайындағы дұрыс адамдармен тіл табысып, жақсы маман болғандар да болды. Осы жерде айта кетейін дегенім, ынта салса, біздің жастардың қолынан бәрі келеді. Баяғыда қазақтан механизатор, шофер, ұшқыш, тағы сол сияқты мамандар шықпайды деп кемсітетін. Уақыт өте өмір көрсетті ғой – бәрін игерді, ешкімнен кем қалған жоқ.

Осындайда еске түседі. Кеңес өкіметі әлі аяғынан нық тұрғанда Горбачев Бас хатшылыққа келген уақытта жаңа шығарған жойқын ұшақты кім кеменің үстіне қондырып сынақтан өткізеді дегенде авиацияның бастықтары бірауыздан Тоқтардың атын атаған екен. Сонда Горбачев көнбепті: «Бір орыс табылмады ма?!» деп. Табылмапты! Тарихи сынақты қазақтың қара баласы өткізіпті. Бас хатшы еріксіз Тоқтар Әубәкіровке Кеңес Одағының Батыры атағын беріп отыр. Ал Нұрсұлтан Назарбаев ше? Қазақтан темір балқытушы шықпайды дегенге намыстанып, бес сағаттан астам уақыт 10 000 градус оттың қызуына құрыштай шыңдалған жоқ па?!

Мен өте мақтанып кеттім-ау деймін. Біздің осал жерлеріміз де жоқ емес. Алдымен уақытты бағаламаймыз, созылып, кешігіп жүреміз. Сол зауытқа орналасып, көп тұрақтамай кетіп қалғандардың мінез-құлқын сараласаң, мынандай жай көзге түседі. Ауылға үйіне барса, жұмысқа кешігеді. Айтатындары «Автобус келмеді», «Шешем ауырып қалды», тағы сол сияқты дәлелдер. Бұзақылық жасау, мас болу деген біздің халыққа тән емес. Ол жағынан біз мықтымыз. Ал енді қонаққа түске шақырса, әйтеуір сол күні келеміз. Өзіміздің де, басқаның да уақытын бағалай алмаймыз.

Құдайға шүкір, Қазақстан тәуелсіз ел болып қалыптасты. Бәсекеге шыдас беретін 50 елдің қатарына қосылдық. Жыл сайын елімізде жүздеген өндіріс орны ашылады. Енді бізде электровоз, тепловоз, ұшақ, тікұшақ, жүк және жеңіл автокөліктердің әлденеше түрі, тағы басқа өндіріс тауарлары құрастырылып, жиналады. Кейбіреулері экспортқа шығарылады. Осының бәрі тәуелсіздіктің жемісі. Қазақ елі 20 жылдың ішінде осындай жетістікке қол жеткізеді деп кім ойлап, кім қиялдаған?! Ол бір-ақ адамның – Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі.

Жаңа ғасырдағы Қазақстан – мүлдем басқа Қазақстан. Цифрларды сөйлететін болсақ, солардың ең бастысы, ең мағыналылары мынандай: жедел даму жағынан Қазақстан 3-ші орында. Еліміздің Ұлттық қорында 87 миллиард доллардан астам қаржы бар екен. Қазақстандықтардың әл-ауқаты өсіп келеді. Тек осы ғасырдың алғашқы онжылдығында Қазақстандағы ке