Еліміздің заңнамасы мен бюджет процесін жетілдіру, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру, бюджетті қалыптастыру, бекіту және атқару процесінде қазынашылық органдарының жергілікті және орталық атқарушы органдармен өзара келісілген іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен де жұмыс кездесуі болды. Онда салықтық және кедендік әкімшілендіру, «Астана-1» жүйесінің жұмысы, тәуекелдерді басқару жүйесі, міндетті түрде БКМ-онлайнды енгізу, жалпыға бірдей декларациялауға азаматтардың дайындығы, халықты хабардар ету, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, мемлекеттік органдардың деректер қоры мәліметтерінің маңызы мен дәлдігі және тағы басқа мәселелер талқыланды. Әңгіме барысында осы жобаларды іске асыруға байланысты өзекті мәселелер қозғалды және оларды шешу туралы ұсыныстар айтылды.
Облыстық қазынашылықта кездесу кезінде бюджет процесін қазынашылық сүйемелдеу және орталық мемлекеттік органдар мен аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастыру функциясын қазынашылық органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.
Сенатор Ұлттық ұланның Әскери институтында болып, оқу процесімен танысты және курсанттармен кездесті. Депутат Әскери институттағы биыл күрделі жөндеу жұмыстары басталатын нысандарды аралады және құрылысы жаңадан басталатын оқу корпусы мен казарманы көрді, институттың құрылу тарихымен және атқыштар тирімен танысы.