Қоғам • 14 Қаңтар, 2020

Елорда көшелерінен 15 мың текше метрге жуық қар шығарылды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда көшелерінен 15 мың текше метрге жуық қар шығарылды

13 қаңтар күні  938 техника бірлігі мен 1675 жол жұмысшысы елорда көшелерін қардан тазалады.

Қала сыртына 14 827 текше метр (1 236 рейс) қар шығарылды. Жалпы осы уақытқа дейін полигонға тасымалданған қар көлемі 1 755 855 текше метрді (146 321 рейс) құрады.

Ал бүгінгі түнгі ауысымға қар тазалауға 540 техника бірлігі мен 157 жол жұмысшысы жұмылдырылды.