Парламент • 14 Қаңтар, 2020

Сенаторлар Ақтоғай ауданындағы өндіріс нысандарын аралады

144 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысындағы Ақтоғай ауданына жұмыс сапары барысында Мүткенов ауылдық округінің Жаңабет ауылындағы Қ.Нығманов атындағы орта мектепте болды. Депутаттарға қазіргі заманғы талаптарға сай қосымша жаңа корпустар мен спорт залдары көрсетілді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар Ақтоғай ауданындағы өндіріс нысандарын аралады

Кездесу барысында депутаттар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы туралы хабардар етті. 2016-2019 жылдары педагог кадрлардың саны жарты миллион адамнан асқаны, әйтсе де, білім беру саласына жыл сайын мамандар даярланып жатса да педагогикалық кадрларға қажеттілік әлі де сақталып отырғаны атап өтілді. Ауылдық жерлердегі мектептерге білікті мұғалімдерді тартуға және алып қалуға байланысты жол және тұрғын үй субсидиялары, жеңілдіктер мен преференциялар және тағы басқа пәрменді тетіктер болмай отыр. Педагогикалық кадрларды даярлау және дамыту жүйесіндегі оң өзгерістерге қарамастан, білікті педагог кадрларды тартуға және орнығып қалуына теріс әсер ететін бірқатар мәселелер сақталуда. Сондықтан бағдарламада еліміздің педагогикалық әлеуетін дамыту саласындағы проблемаларды шешу бойынша шаралар қарастырылған.

1

Сенаторлар Ақтоғай ауылдық округінде орналасқан «Ақтоғай-Агро» өндірістік нысанында да болды. Осы кәсіпорын басшылығымен әңгімелесу барысында өсімдік шаруашылығы өнімдері көлемін ұлғайту мақсатында сақтау қоймаларын салуды жалғастыру және кәсіпорынды дамытудың басқа да өзекті мәселелері қозғалды.

Сенаторлар нысандарды аралап шыққаннан кейін Ақтоғай ауданы әкімдігінде аудан активімен кездесті.

Жүздесу барысында Жаңабет ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысына, Қожамжар ауылдық округіндегі Талинка өзенінің арнасын тазартуға, Ақжол ауылының ішіндегі жолдарды асфальттауға (5,6 км), ұялы байланыстың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, барлық маусымда жұмыс істейтін су құбырын салуға және облыстық маңызы бар Жолболды-Жалаулы (91-11км) бағыты бойынша жолды асфальттауға қатысты мәселелер қозғалды.