Аймақтар • 14 Қаңтар, 2020

Алматы қаласында заң қоғамдастығының кездесуі өтті

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстанның заң қоғамдастығы өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Жергілікті заңгерлермен өзара іс-қимылды нығайту, сонымен қатар АХҚО-ның қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін пікірсайыс алаңын құруды мақсат еткен жиынға Baker McKenzie серіктесі А. Коробейникова, «KazBar» Заң консультанттары палатасының Төрағасы Ж. Елубаева, т.б. жетекші заң фирмаларының басшылары қатысты.

Алматы қаласында заң қоғамдастығының  кездесуі өтті

«Астана» халықаралық қаржы орталығы тарапынан шараға АХҚО Құқық академиясының мүшесі И. Рогов, АХҚО Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары М. Әйтенов және АХҚО Биржасының өкілі қатысты.

Кездесуге қатысушыларға АХҚО-ның ағымдағы жетістіктері мен 2020 жылға жоспарлары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар АХҚО-ның юрисдикциясы мен оны қолдануға қатысты практикалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, АХҚО құқықтық жүйесіндегі жұмыстың ерекшеліктері, мемлекеттік компаниялардың Халықаралық төрелік орталығындағы сот процестеріне қатысу мүмкіндіктері, АХҚО-да бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді реттеу және т.б. мәселелер талқыға түсті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ақпаратпен және АХҚО жұмысының практикалық тәжірибесімен алмасты, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды, бұл АХҚО мен Қазақстанның заң қауымдастығы арасындағы өзара тиімді қатынастардың дамуына жаңа серпін береді.