Ғ.Дүйсембаев Исатай ауданының Аққыстау ауылында салынып жатқан 320 орындық кәсіпкерлер колледжінің, Мақат ауданының Доссор кентінде мемлекеттік бюджет қаржысына салынып жатқан кәріздік тазарту құрылғыларының құрылысымен танысты.
Сенатор Атырау қаласында жаңадан қолға алынған Оқушылар және жастар сарайының құрылысымен танысты.
Депутат аудандар мен ауылдардағы тұрғындарымен және жұмысшыларымен кездесулерде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыруды, мемлекеттік әлеуметтік қолдау жөніндегі енгізілген өзгерістер мен Өңірлерді дамыту мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді және Парламент қабылдаған заңдар туралы хабардар етті.