Аймақтар • 14 Қаңтар, 2020

Теміржол вокзалы «Сапаржай Павлодар» ЖШС-ның жеке қаражатына қызмет көрсетуде

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы АҚ-қа қарасты өзге өңірлердегі вокзалдардың бәрі мемлекеттік бюджеттен субсидияланады.

Теміржол вокзалы «Сапаржай Павлодар» ЖШС-ның жеке қаражатына қызмет көрсетуде

Облыс  орталығындағы теміржол, автобус вокзалдары өзге өңірлерге қарағанда бір ерекшелігі-екеуі  бір жерде орналасқан. Қала қонақтары мен, жолаушыларға өте тиімді.

Қос вокзалдың жұмысымен танысқан облыс әкімі Болат Бақауов жолаушыларға жайлылық жасауға бағытталған бірқатар тапсырма берді. Теміржол вокзалының ғимараты табиғи тас – мәрмәрмен қапталған. Сондықтан қайта жөндеудің эскиздік жобасы әкімдікпен келісіліпті.

-Бірақ, вокзалды жөндеп, жаңалау ғана емес,  ерекше таспен көмкерілген біргейлігін сақтау міндетіміз, деді «Сапаржай Павлодар» ЖШС директоры Павел Браславский.

Ал, нысанды қайта қалпына келтіру, жөндеу кәсіпорынның өз қаржысына жасалмақ. П.Браславскийдің мәлімдеуінше, Павлодар вокзалы кәсіпорынның жеке қаражатымен қызмет көрсетуде. Сонымен қатар қос вокзал маңындағы аумақты реттеу де қолға алынбақ. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, заңсыз келіп тұрып алған такси жүргізшілерінің кесірінен  кептелістер орын алып, жолаушыларға жайсыздық туғызуда. 

Сондықтан автовокзал мен теміржол вокзалына келушілерді жеке кіргізіп-шығаратын шлагбаумдар орнату ұсынуда. Заңды түрде жолаушылар тасымалымен айналысатын лицензиясы бар таксистерге жеке тұрақ қарастыру ойластырылуда. Қос вокзалда жылытылатын аялдама, заманауи тамақтану орны да ашылады.

Сондай-ақ  90-жылдардың жағдайында қалып қойған, көпшілік «корт» деп атап кеткен вокзалдар маңындағы базар, Чкалов көшесі, 16-үй мекенжайына дейінгі аралықты толық жаңартудан өткізіледі. Бұған дейін қаланың көліктік инфрақұрылымы стратегиясын құрған алматылық институтты аталған өзгерістерді енгізу ісіне тарту мүмкіндігі бар.