Спорт • 15 Қаңтар, 2020

Анастасия Городко фристайл-могулдан екінші алтын медаль алды

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияда фристайл-могулдан Еуропа кубогі өтіп жатыр. Екінші жарыс күнінде қазақстандық Анастасия Городко екінші алтынын ұтып алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Анастасия Городко фристайл-могулдан екінші алтын медаль алды

Спортшы параллельді могулда қарсыластарының бәрінен басып озып, жеңімпаз атанып отыр.  Екінші орында Нидерланд өкілі Джанек Бергхуис. Үшінші орында германиядық Софи Вессе орналасқан. 

Айта кетелік, бір күн бұрын Городко дәл осы бәсекеде топ жарған болатын. Бұл оның турнирдегі екінші алтын жүлдесі.