Спорт • 15 Қаңтар, 2020

Грек-рим күресі шеберлері Ниццаға аттанды

877 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы аптаның аяғында Францияның Ницца қаласында грек-рим күресінен Гран-при турнирінің жалауы желбірейді. Айтулы додада Қазақстанның 19 балуаны күш сынасады.

Грек-рим күресі шеберлері Ниццаға аттанды

Байрақты бәсекеде боз кілемге шығатындар қатарында әр жылдары әлем чемпионаттарында жүлде алған бес балуан бар. Олар – Мейрамбек Айнағұлов (63 кило), Алмат Кебісбаев пен Мейіржан Шермаханбет (67 кило), Демеу Жадыраев (77 кило) және Нұрмахан Тыналиев (130 кило).

Былтыр Нұр-Сұлтанда өткен дүниежүзілік додада өнер көрсеткен Асхат Ділмұхамедов (77 кило) пен Ерұлан Ысқақовты (97 кило) да осы жарыстан көре аласыздар.

Сондай-ақ, Ниццадағы бәсекеде Аманғали Бекболатов пен Жансерік Сәрсенбиев (55 кило), Дастан Зарлыханов пен Ернар Фидахметов (60 кило), Ернұр Фидахметов (63 кило), Данияр Қаленов (67 кило), Қаһарман Қисметов (72 кило), Асхат Жаңбыров пен Диас Қален (77 кило), Мирас Баршылықов (82 кило), Ерсайын Сайфуллин (87 кило) және Әлімхан Сыздықов (97 кило) сынды сайыпқырандар сайысқа түседі.