Спорт • 15 Қаңтар, 2020

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Әйелдер арасындағы командалық турнирде Батыс Қазақстан облысы топ жарды. Екінші орында Алматы қаласы, үшінші орында Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан спортшылары орналасқан. БҚО командасы сапында Гүлчехра Хусейнова, Алсу Сапарова, Гаухар Алмағамбетовалар сынға түскен. 

Ерлер арасындағы командалық жарыста Кирилл Герасименко бастаған елордалық спортшыдар жеңіске жетті. Кирил және Александр Герасименколар және Роман Халилов финалда Шымкент командасынан басым түсті.  Үшінші орынды Қарағанды және Алматы қалалары өзара бөліскен. 

Соңғы жаңалықтар