Аймақтар • 15 Қаңтар, 2020

Шымкентте 41768 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру үшін мемлекет пен адамдардың күш біріктіруі аса маңызды. Оны іс жүзінде тиімді жүзеге асыру мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкентте 41768 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

«Аталған бағдарлама аясында өткен жылы Шымкентте қандай жұмыстар атқарылды? Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама Төрт бағыттан тұрады.

Бірінші бағыты. 2019 жылы 2000 адамды техникалық және кәсіптік оқыту жоспарланған. Нәтижесінде 1500-ге тарта адам жолданды.

Екінші бағыты. 83 азаматқа шағын несие алу үшін жолдама берілді. «Бастау бизнеспен» 2955 азамат оқытылып, куәліктері табысталды. 3478 азамат 505 мың тг.мемлекеттік грантқа ие болды.

Үшінші бағыты. 41768 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде 28339 жұмыссыз азаматтар тұрақты, уақытша және жаңа жұмыс орындарына жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына - 484, жастар тәжірибесіне 3503, қоғамдық жұмыстарға - 2252 азамат жолданды.

Төртінші бағыт. «Жас кәсіпкер» жобасымен 1407 азамат оқытылып, куәліктер табысталды» делінген хабарламада.